Павел СТОВБЧАТЫЙ
(Детектив)
(Жалғасы. Басы газеттің № 36(1789) санынан басталады).
Қыздың денесінің қызуы тәнімді қарып түскендей болды. Әуелде екеуміз де ерікке бой алдырмауға тырысып, салқынқандылық танытуға тырысқанымызбен, нәпсі ләззаты өз тұңғиығына батыра берді. Ақ сазандай бұлқынған қыздың қылығы сана-сезімімді мүлдем сиқырлап тастағандай. Ештеңені естіп, сезіп жатқаным жоқ. Осынша жыл әйел тәнін құшпақ түгілі, сырттай сұқтанудың өзі арман болған маған мынау нағыз жұмақтай еді. Уысыңды толтыра қанша қыссаң да саусақтарыңды кері тепкен қыздың қос анары, қыпша белі мен тоқ балтырлары еріксіз өзіне баурап алды.
Менің құмарлана құшуым қызды да дел-сал етсе керек, манадан бері ширығып тұрған дене бір сат босап, ләзаттың әсерінен шыққан ыңырану есіңді кетірер сыңсуға ұласты. Біз өзіміздің мұнда неге келгенімізді мүлдем ұмытқандаймыз. Тіпті, қабырғалас пәтердегілер естіп қалады-ау деген сақтықты да естен шығардық…
Сүт пісірімдей уақыт өткенде барып тыншыдық-ау. Сонда барып мен өзімнің қаншалықты шаршағанымды сезіндім. Денем дел-сал. Бір қорап ұйықтататын дәрі ішкен жандай, кірпіктерім бір-біріне жабысып барады. Ұйықтауға болмайды! Тез ширығып алдым. Қызға қарап едім, ол да үнсіз, қалың ойда жатыр. Менің ойыма Гадо түсті. Әрине, ол бәрін естіді. Бірақ біздің қазіргі жағдайымызда бұл әрекетімнің қажеттіктен туғанын ол түсінеді деп топшыладым. Түсінуі керек.
Мен ұйықтамау үшін әр жерде шашылып жатқан киімдерімді жинастыра бастадым. Шалбарымның қалтасынан сигарет алып тұтатқалы жатыр едім, қыз да сүйріктеу қос саусағын созып, «маған да қыстыршы» деген ишара жасады. Екеуміз темекі шектік. Қыз қасымда етпеттей жатып менің денемдегі татуировкаларымды қарап шықты…
Тұла бойымды жапқан суреттер шынында да бір галерея сияқты еді. Оның да өзіндік тарихы бар. Осыдан біраз жыл бұрын мұны «Граф» деген лақап есімді литовец жігіті салған болатын. Шын есімі Борис Аненков. Нағыз суретші, өз ісінің шынайы шебері. Граф алаяқтығы үшін отырды. Кез-келген құжаттарыңызды, мөрлеріңізді қолдан жасай береді. Әсіресе бет-пішіндерді өзгертуге шебер. Нағыз гример.
Бірде, Граф картаның майын ішкен «шеберлердің» ортасына түсіп қалып, оңбай ұтылды. Қарызы да қомақты болды. Ал олар өз берешектерін босқа жібермейтін жандар еді. Графқа он күн мұрсат берді. Осы уақыт ішінде қарызын қайтаруы керек. Графтың жаны шүберекке түйулі жүрген. Егер қарыз қайтпаса, онда өмір сүруің екіталай. Не өзіңе қол сал, не болмаса менттердің, әлде «белсенділердің» бірін жайрат та, ала киімділерге қарай ауыс.
Осындай аласапыран күй кешіп жүрген жігітке көмектескім келіп кетті. Өйткені, карта ойнынан мен де құралақан емес едім. Және олардың ойын тәсілдерінен де хабарым бар. Бірақ, бәрі қыл үстінде тұр. Он күн ішінде ұтылған соманы қайтару мүмкін емес. Егер қайтара алмасам, өз жиған-тергендерімнен де айырылам. Осыны біле түра бел байладым.
Бұл нағыз интеллектуалды шайқас еді. Барлық зона бізді бақылап отырды. Бұл күнді, сірә, өмірімнің соңына дөйін үмытпаспын. Қарсыластарым маған өз шарттарын ашық түрде қойды. Мен оны қабылдауға міндетті болдым. Бес тәулік бойы нардан тұрмай ойнадық. Олар төртеу еді. Мені титықтату үшін бір-бірін ауыстырып отырды. Ал менде ондай мүмкіндік жоқ. Тек үнсіз келісіп, төртеуімен кезек-кезек ойнай бердім. Ақша өзімдікі болған соң, оны біреуге сеніп тапсыру да қиын ғой. Ол мүмкін де емес еді. Өйткені, менің қарсыластарым нағыз карта ойынының шеберлері болатын.
Тек сегізінші күн болғанда мен ұтқызылған соманың жартысынан астамын қайтардым. Содан кейін ғана салмақ алып, мен де өз шартымды қойдым. Олардың біреуімен ғана, ауысымсыз ойнауға көндірдім.
Өкінішке орай, мен оларды толық жеңе алмадым. Кесімді мерзімі біткен еді. Сонымен Граф бар болғаны жеті жүз сом ғана төлеп құтылды.
Сондағы ісімнің қайтарымы ретінде Граф маған осы суреттерді салып берген еді. Сөзсіз, шебер салынған. Жұрттың бәрі қызыға қарайтын. Дәрігерлер де, менттер де тексеріс кезінде көз алмайтын. Енді, міне, бейтаныс қыз да таңырқай қарап, тіпті қолымен ұстап көруде.
– Мен саған ұнаймьін ба? – деп сұрады кенет Света бойын тіктеп отырып.
– Солай сияқты, – дедім мен әдеттегідей тура жауаптан жалтарып. Ал, ойым мүлдем бөлек еді. Ол маған онша ұнамайтын. Рас дене бітімі көз тартарлықтай.
– Ойға алған ісіміз сәтімен бітсе, қайда кетесің? Шетелге қашатын шығарсың? Дәл айттым ба?
– Мүмкін кетермін. Бірақ, бірден емес, – деп тағы өтірік айттым. – Бәрін жағдайға байланысты көреміз. Ол жайлы кесіп айту әлі ертерек.
– Гадо ше?.. Ол қайда беттемек? Саған айтты ма?
Қыздың сауалынан секем алған адамның кейпіне ене қалдым.
– Оны неге сұрадың?..
– Маған сен керексің, сен! Менің арманым еді сен сияқтыларды жолықтыру. Болбыр, бос белбеулілерді жек көрем. Олар ертең кім көрінгенге құл болып, жем болып жүреді. Сен ондай емессің.
– Сонда, сеніңше мен қандаймын?
Света мені бастан аяқ барлай бір қарады да:
– Сен Котсың. Ақылды Кот. Екеумізді тағдырдың өзі қосқан сияқты. – Қыздың бет пішіні, сөз мәнері өзгеріп кетті. – Саған сенуге болатын сияқты. Әбден сенуге болады.
– Мұнымен не айтқың келеді?
– Ампулу с цианидом…
– Немене?!
– Ойнап айтамын. Менің не айтқым келгенін сен түсінесің деп ойлаймын. – Света суықтау сөйледі. – Мен өз пайдамызды әлдебір қырғызбен бөліскім келмейді.
– Ол қырғыз емес, ол тәжік.
– Одан ештеңе өзгермейді. Ертең еліне барған соң бар тапқанын базарға салып құртады. Одан саған пайда бар ма, айтшы. Олардың бәрі бірдей. Өздеріне керек кезінде ғана жылмаңдайды.
– Сонда, сенің ұсынысың қандай?
«Ол қазір барлық инициативаны маған береді» деп ойладым, бірақ қателесіппін.
– Әзіргө бір ғана вариант бар… И вообще, біздің екеуміздің біріміз «таза» болуымыз керек. Мен қазір күдіктен тыспын. Бәріміз бірге тұрғанда солай болып қалам.
– Ал егер мені легавыйлар ұстап алса ше? Сен білесің бе, оларға қажет болғанда қалай қинайтынын? Әлде сен оларды ақымақ деп ойлайсың ба? Білдей бір бизнесменнің өлімін біздің қашуымызбен байланыстырмау мүмкін емес деймісің? Жоқ! Олар ақымақ емес. Сен бұрын түрмеде отырып көрген жоқсың. Сен үшін ол бір романтика, яки ертегі сияқты болуы мүмкін. Кешір, қымбаттым, істің түбіне жету үшін менттер барлық айла-тәсілін салып бағады. Ал адам темірден жаратылған жоқ. Олардың қинауына шыдамайды.
Бойжеткен үнсіз отырып қалды. Сосын бір күрсініп алды да:
– Жә, қорықпа. Әзірге ешкім өлген жоқ, – деді суық жанарын кеудеме қадап. – Егер қорықсаң, ойыннан шығуыңа әлі кеш емес. Бәрін өзім істеймін.
Төсектен ыршып тұрған қыз теріс қараған күйі киіне бастады.
Аударған Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ. (Жалғасы бар).