Дүйсенбі, 23 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Ғибрат

«Жазылмас жара. Ұмытылмас қасірет»

01.03.2024
- Ғибрат
0
«Жазылмас жара. Ұмытылмас қасірет»
98
БӨЛІСТІ
271
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Осындай тақырыппен С. Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханада шешен мен ингуш халықтарының Солтүстік Кавказдан Қазақстанға жаппай күштеп қоныс аударылуының 80 жылдығына орай айшықты шара өтті. Шараға облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ұйытқы болды.

«Өткенді білмей – өспек жоқ» деген тәмсіл бар ел ішінде. Өткен тарихымызды зерделеу арқылы болашағымызды бағамдаймыз. Осыдан 80 жыл бұрын 1944 жылдың 23 ақпанында шешен мен ингуш халқын Солтүстік Кавказдан Қазақстанға жаппай күштеп қоныс аудару басталды. Қолдағы деректерге қарағанда, 1944 жылдың наурыз айында Қазақстан аумағына 510 630 шешен және 78 479 ингуш орналастырылған екен. Соңғы статистикаға сүйенер болсақ, Ұлытау облысында 312 шешен және 116 ингуш тұрады.

Алғыс айту күніне орай өткен айшықты шарада сол бір аласапыран жылдарда шешен-ингуш халқының басына түскен қасірет, тоталитаризмнің тоқпағы туған жерінен айырған елді қазақ халқының қалай қарсы алып, жатсынбай бауырына басқаны кеңінен сөз болды.

Іс-шарада ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С. Қожамсейітов, Жезқазған жоғары медициналық колледжінің тарих пәні оқытушысы Қ. Ораз және Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің аға ғылыми қызметкері З. Ерзақова баяндама жасады.

Сонымен қатар «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени орталығының жетекшісі Абуезит Чумаков сөз сөйлеп, сонау қиын-қыстау кезінде атақонысынан айрылып келген шешен-ингуш халқына пана болған қазақ халқына өз алғысын білдірді.

Досан ДУЛЫҒАЛЫ.

Бөлісу39Твитерге25

Көп қаралған

  • «ҚАЗАҚМЫС» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРЫМЕН ҮЗДІК АТАНДЫ

    «ҚАЗАҚМЫС» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРЫМЕН ҮЗДІК АТАНДЫ

    80 бөлісті
    Бөлісу 32 Твитерге 20
  • ҚАЗАҚМЫСТЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЖЕЗҚАЗҒАНДА ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ АШЫЛДЫ

    74 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • КЕНІШТЕРДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙЕДІ

    74 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ЕНГІЗУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАҢА ДАМУ КЕЗЕҢІ

    71 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • ЦИФРОВИЗАЦИЯ И ВНЕДРЕНИЕ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА – НОВЫЙ ЭТАП РАЗВИТИЯ ЭКОНОМИКИ

    71 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру