Сейсенбі, 17 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Ғибрат

Кеніштегі ізі аллеяға ұласты

25.08.2023
- Ғибрат
0
Кеніштегі ізі аллеяға ұласты
83
БӨЛІСТІ
231
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің  және «Жомарт» кенішінің ұжымы кеншілер мерекесі қарсаңында осы кеніш аумағында байырғы кенші Жайлаубай Құлшанұлы Сынасапов атындағы аллеяны салтанатты түрде ашты. Кенші күнімен тұспа-тұс келген шараға марқұмның туған-туыстары, отбасы,  бірге еңбек еткен әріптестері қатысты.

Кен өндірісі саласына еңбегі сіңген Жайлаубай Құлшанұлы 1959 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1980 – 1985 жылдары Қарағанды политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінде тау-кен шебері қызметінен бастаған. Өмір жолында шахтапроходкалау тресінде бас инженер, өндірістік бөлім бастығы, басқарма бастығы, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, шахтапроходкалау тресінің директоры, «Жомарт» кенішінің директоры, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС күрделі құрылыс жөніндегі департамент директоры сынды бірқатар жауапты лауазымды қызметтерді атқарған. «Жомарт» кенішінің бой көтеріп, өркендеуіне үлкен үлес қосты. Үшінші және екінші дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

Аллеяның ашылуында сөз алған трестің бас инженері Ғалым Жәнәлі, «Жомарт» кенішінің директоры Асқар Құйқабаев,   осы шаруаның басынан табылған «Құрметті кенші» атағының иегері, «Жомарт» кенішінің бекіту  телімінің басшысы Ақбейсен Қайырбеков пен трестің №12 үрделі тау-кен телімінің басшысы Нұрбек Манапов,  Жайлаубай Құлшанұлымен бірге еңбек еткен әріптестері, зайыбы Базаркүл, бауырлары мен балалары естеліктерін айтып, «Жомарт» кенішін қалыптастырудағы еңбегінің зор екендігін тілге тиек етті.

Ескерткіш белгіні Жайлаубай Сынасаповтың ізінен ерген шәкірттері Ақбейсен Қайырбеков пен Нұрбек Манапов ашты.

Сондай-ақ оқыңыз

Академиктің рухани әлемі

Академиктің рухани әлемі

14.03.2024
«Жазылмас жара. Ұмытылмас қасірет»

«Жазылмас жара. Ұмытылмас қасірет»

01.03.2024

Мерекеге орай № 12 күрделі тау-кен телімінің бірқатар еңбеккерлері «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының, «КәсіпҚорған» кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Жиналған көпшілік Жайлаубай Құлшанұлының рухына бағышталған асқа қатысты.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу33Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

17.06.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды

17.06.2025
Си Цзиньпин қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Президентке ризашылығын білдірді

Си Цзиньпин қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Президентке ризашылығын білдірді

17.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру