Анна және Сергей Литвиновтар
Детектив
(Cоңы. Басы газеттің №1 (1754), №2 (1755), №3 (1756) сандарында).
Екінші сержант күдікті жігітті қарама-қарсы жаққа алып жүрді. Олардың соңына Ходасевич ілесті. Татьяна ақымақ емес қой, өгей әкесінен неге қалсын.
Олар өздерінің жетінші вагонына кіреберісте аялдаған. Поезд жүрісін бәсеңдеткен. Бұларға қарама-қарсы жолсерік Любовь шыға келген еді. Вагон есігінің терезесінен әжептәуір үлкен қаланың көп қабатты үйлері көрініс берген. Валерий Петрович үлкен қарынымен ұсталған күдіктіні қарсы есікке қарай ығыстырып, Любовьтің вагон есігін ашуына жолберген.
– Немене, аялдама ма? – деп сұрады өгей әкесі.
– Жоқ, аялдама емес. Станция ғой, тоқтамай-ақ ақырын жүріп өтеміз, – деді жолсерік табалдырықта тұрып қызыл жалаушасын көтере.
Өгей әкесі Ходыженцевке күтпеген жерде тіл қатты:
– Сізге осы жерде секіріп түсіп, қашып кеткеніңіз жөн болар еді.
Анау ашулана және жүзі қызара:
– Сонша неге солай істеуім керек? – деді.
– Солай істеуің керегі, сіз таңертең тура сағат алтыдан бес минут кеткендепоездағышайынатын бөлмеге жуынуға барғандығыңыз.
– Сіздің онда шаруаңыз не?! Барғым келді, бардым!
– Дұрыс-ақ. Біз тергеу жүргізу барысында кісі өлтіру бестен отыз минут кеткен шамада болғанын анықтадық, ал сіз сағат алтыда поездағы шайынатын жалғыз бөлмені пайдаландыңыз. Ал әрбір онда жуынатын адамды арнаулы журналға тіркейді әрқайсысынан ақша алу үшін. Сіз онда келгенде өтірік айттыңыз. «Мен оныншы вагоннан келдім, фамилиям Квасов» дедіңіз. Егер бұл қылмысқа еш қатысыңыз жоқ болса, онда неге жалған сөйледіңіз?
– Ешқандай шайынуда тұрған ештеңе жоқ, ол айғақ бола алмайды.
– Ал қан тамшысы ше?
– Тағы да қайдағы тамшы?
– Сіз кісіні өлтірген соң ұйықтап жатқан азамат Черевикиннің жейдесіне тамызғаныңыз ше? Саусақты қолғабыңыздағы қанды жоғарыдан тамызу оңай-ақ.
– Мен оның жейдесі туралы қайдан білмекпін? Оның қанды қайдан жұқтырып жүргенін?! Бұған менің қатысым не!
– Ал қолғап ше?
– Қайдағы қолғаптағы?
– Қан-қан болған. Саусақтарыңыздың ізі қалған.
– Түсінбеймін, сіз не айтыптұрсыз?!
– Сіз оларды лақтырып жібердіңіз. Вагонның терезесінен. Тікелей кісі өлімінен соң. Жұқа, ақтүсті, хирургтік. Россия үлкен. М. қаласы мен Москва арасындағы жол ұзақ, ешкім де таба алмайды деп ойладыңыз ғой. Ал біздің адамдар оларды тауып алды. Жол бойын сүзіп шықты да тапты. Енді уақыты келгенде сіздің қолтаңбаңыз бен байғұс Черевикиннің жейдесіндегі қанға сараптама жасау ғана қалды.
Хирургтің жүзіне қарау сондай аянышты-ақ. Ол Ходасевичті естен тана мелшиіп, бойынбилегенқорқынышқұшағындатыңдады.
Поезд селкетті де, ақыры станцияға тоқтады.
– Міне, осымен барлығы бітті, – деп сөзін жалғады отставкадағы полковник. – Сіз білесіз бе, поезд бұл жерге аялдамау керек еді, алайда менің өтінішім бойынша тоқтады. Дәл қазір осы жерде сотмед сарапшы бізге келіп кіреді, оның бір қолында – криминалистік қобдиша, онда қанды анықтайтын аспап бар. Бір сөзбен айтқанда, қанша жерден жуып-шайғанмен, тіпті көзге көрінбестей тырмалағанмен де қанның ізі мен тамшысын дәл анықтап береді.
Поезд қайта қозғалды да өте ақырын жылдамдығын өсіре бастады.
– Дәл осы поезда Москваға жетпей-ақ сізге хаттама толтырамыз… Сіз сонымен осыны ойластырған кім екенін айтқаныңыз жөн. Ашынаңыздың күйеуін өлтіру және олқ ылмысты кінәсіз інісіне жабу кімнің тапқырлығы. Сіздікі ме? Әлде Качалованы кіме? Мен сізге ашығын айтайын – бәрін ұйымдастырушы – анна әйел ғой. Осылай десеңіз, жазаңыз жеңіл дейді. Ал Ольга әйел ғой, сот бәрібір оған аз мерзім береді. Бір он жыл шамасында. Сіз адам өлтірдіңіз, бұл аса ауыр қылмыс…
10.
Бұдан бір жыл бұрын.
Ольга Качалова әзәзіл күйге тап болды.
Бойын қашан меңдегенін өзі де білмейді.
Тек ері Качаловтың ақымақ, қолынан түк келмейтін және одан ештеңе күтуге болмайтын адам екендігіне көзі жеткен соң барып нық ұйғарымға келген еді.
Әрі өзі сондай қызғаншақ болатын, онысынан айтарлықтай көрешекті көрді.
Күйеуінің көзіне шөп салу түсіне де кірмеген. Әйтпесе өзіне құмарта қарайтындар әріптестері мен емделушілері арасынан табылатын, тіпті көшеде де, автобус ішінде де ізін аңдитындар жығылып артылатын.
Әйткенмен тағдырдың жазуымен өткен жазда Ольга Качалованың өмірінде ол пайда болды.
Барып тұрған көрікті, ақылды, жайдары. Сонымен бірге дәрігер.
Қысқасы, Ольга ғашық болып қалды.
Илья да өзінеынтызар-ақ. Бірін-бірікөрмесетұраалмайтынкүйгедушарболды.
Бірақ күйеуінен кете алмақ емес, өйткені қолында және інісі бар. Мүгедек десе де болғандай. Ерімен ажырасқан күнде оны қайда қалдырмақшы.
Илья болса өзімен өзі. Пәтерін бұрынғы әйеліне, жасөспірім балаларына тастап кеткен. Ол таныстарын сағалайтын, арзан пәтер жалдайтын.
Бір күні Ольга ағынан жарылды: «Мен күйеуімді өлтіргім келеді».
Илья оның шынын айтып отырғанын білді, түсіністік танытты:
– Сен оны қалай өлтірмексің? Өлмей, мүгедек болып қалсаше? Ол өзіңе сор болады ғой сосын. Мұны басқаша ойластыр укерек.
Ойлана келе Илья:
– Бір оқпен екі қоянды ату керек. Күйеуіңді – қабірге, ал ініңді – түрмеге. Тіпті болмағанда, жындылар ауруханасына, – деді.
Олар қиялға ерік берді: Пәтерде екеуі ғана қалады, қатырып тұрып жөндеп алады да тамаша өмір сүреді.
Қалай істеген жөн? Інісі Олег Черевикинкүйеуі Гарик Качаловты өлтіруі үшін не істеулері керек?
Мәселенің қиындығы сол, олар бір-бірімен жақсы сыйласады. Бірге отырып алып телевизордан футбол қызықтайды, сыра ішеді және кейде стадионға бірге барады.
– Ол ондай болса, анандай әрекетке бара алмайды, – деді Илья ойлана. – Тоқта, бір жерден оқығаны бар, ол үшін жездесін барып тұрған жауыз деген түсінікті оның санасына біртіндеп сіңіруіміз қажет. Жауыз. Бұлтүсінік оны жатса-тұрса мазалайтын болсын. Жауыздан қалайда құтылатындай дәрежеге жеткіз укерек.
– Сонда қалай?
– Інің аса ұнатпайтындай күйеуіңнің бір қылығы бар ма?
– Бар.
– Ол не?
– Гарик қорылдағанда. Шын айтамын! Олег ол қорылдағанда өзін қоярға жер таппайды. Маскүнем қорылдағанда бір түнде отыз реет оятуға әрекет жасар еді, ал анау аунап түсіп қайта қорылға басар еді.
– Тамаша! – деп қуанды ашынасы. – Міне, осыны пайдалануымыз керек. Әсіресе, інің жүйкесіне әсер ететін есірткіні пайдаланған сәтте немесе ішімдік ішкен кезде.
Сөйтіп інісін қолға алды. Күйеуі қорылдағанда ананың мазасы кеткен сәтте:
– Сен оны өлтіріп таста! Өлтір, өлтір, өлтір! – деп айтып бақты.
Бірнеше апта өтті, айлар өтті. Бірақ онысынан түк шықпады.
– Олегке көмектесуіміз керек, – деді бірде Ольга.
– Өлтіруге көмек беруіміз керек пе?
– Иә.
– Көмек – ол қалай?
Олар ақылдаса келе күйеуі де, інісі де ұйықтап жатқан сәтті пайдалану керек деп тапты. Пәтерде мүмкін емес. Илья олардың үйіне келе алмайды. Көше бойында бейнежазба камералары.
Әлем чемпионатын пайдалану керек.
Інісі мен күйеуі Москвадағы матчқа бірнеше ай бұрын билет алып қойған. Ендешеөзіне де, Ильяға да билет алуы қажет. Сол матчқа және сол поезға, бір вагонға. Күйеуі мен інісі жатқан купеге ашынасы келе қалатындай жақын орынға!
Ықшамдап аударған Шах МҰРАТ.