Сергей ДЫШЕВ
(Жалғасы.Басы газеттің №39 (1746) санында).
– Рахмет, сіз тергеу ісіне өте көмектестіңіз, – деп Савушкин қызға алғысын айтты да: – Слесарьлардың фамилиясы кім? – деп сұрады.
– Заремба және Горелый.
Осы сәтте Пронкин келіп кіріп оперативтік қызметкерлермен сәлемдесті де Ираға қарап:
– Қабылдау бөлмесінен бір қадам шықпайсың. Серіктестеріміз бен клиенттеріміз бізді мүлде жабылып қалды деп ойламайтын болсын. Телефон шалыпжатқандар бар ма?
– Иә.
– Не деп жауап беріп жатсың?
– Вайсман мырза уақытша жұмыста жоқ.
– Дұрыс емес, Ира.Ұзақ мерзімге іссапарға кеттідеуің керек…
– Маған кетуге бола ма? – деп қыз асыға сұрады.
– Бара бер… Сіздер қалай ойлайсыздар, осындай жағдайда не деу керек? – деді Пронкин тыңшыларға қарап.
Савушкин тіл қатпады. Лисица ғибратты үнмен кеңес берді:
– Қаншалықты ащы болса да әрқашан шындықты айтқан жөн. Кім шыншыл болса, оған өмір сүру оңай. Шындықты айтпау жеңіл көрінген мен түбі опық жегізбек…
– Меніңше, жолдас милиционерлер, Вайсман Израильге ұшып кеткен болар. НемесеЕвропаныңбіржеріндежүр, мүмкін Люксембург бақшасында серуендеп жүр.
– Сізде нақты ұйғарым бар ма? – деп сұрады Савушкин суық үнмен.
– Қандай ұйғарым болмақ. Бір директорымыз ажал құшты, ал екінші директорымыз қашып жүр… Өзі есеңгіреп қалдық емес пе.
– Айтпақшы, Вайсман неғып сол күні слесарьлармен жанжалдасып жүр?
– Қайдағы жанжал, жай реніш. Менімен бірге барғыларыңыз келе ме? Олар бәрін жайып салады.
– Рахмет, біз өзіміз, – деп жауап берді Савушкин.
Тыңшылар жөндеу шеберханасына келіп жетті. Арық келген екі еркек «Жигулидің» қозғалтқышыменәуреболыпжатты. Олар келіп кіргендерді көрсе де жұмыстарымен бола берді.
– Амансыздар ма? – деді Савушкин. Бізге Заремба мен Горелый керек.
– Біз боламыз, – деді екеудің бірі.
Ол қолын жүре сүртіп, кіргендерге жақындады. Оперативтік қызметкерлер өздерін таныстырды:
– Қылмысты іздестіру бөлімінен Савушкин.
– Мен Лисица сол бөлімнен.
– Естігенбіз, – деп қолын ұсынды. – Мен Заремба Саша. Ал ол – Горелый…
– Сіздер директормен неге жанжалдастыңыздар?
– Қайдағы жанжал? Ешқандай сөзге келу болған жоқ.
Сол сәт Пронкиннің даусы естілді:
– Рэмбо, жасырма. Милициядан келген жолдастарға директордың машинасын жөндеуді неге созғандарыңды айтыңдар.
– Өтіріктің еш керегі жоқ, Петрович, біз жылдам жұмыс істедік. Әйтпе сеол тура 18 нөл-нөлде кетпес еді ғой, – деп түсіндірді Заремба.
03.04.97
13.45
Савушкин аса маңызды хабаралды: желдеткіш заводының директоры Вайсманның машинасы табылыпты. Ол Лисицамен бірге оқиға болған жерге жетті.
Директор «Волгасының» жанында милиция сержанты тұрды.
Савушкин оған куәлігін көрсетті.
Сержант түсіндіріп жатыр:
– Осы төңіректі қарап жүргенбіз. Көзіміз осы «Волгаға» түсті. Біз оны бірнеше күннен бері көріп жүргенбіз. Бұзылған соң тастап кеткен машина ғой деп ойлағанбыз. Сонда да тексерейік деп машинаның нөмерін жедел іздестіруге хабарласақ, бұл машина қылмыстық іске қатысты іздестіріліп жатыр екен.
– Жүксалғышын аштыңдар ма?
– Жоқ.
– Олай болса, Гриня өзіңнің өнеріңді көрсет.
Лисица қызу іске кірісті. Алдымен алдыңғы есіктің бірін ашып, «бардачокты» қарады. Бірақ онда кілт табылмады. Сосын жүксалғышты ашты да күбірлей: – Вячеслав Давидович, сізбен ақыры кездестік! – деді.
Жүксалғышта мәйіт жатты. Басының тұсында ұйыған қан. Өліктің мойнында – көкшіл галстук. Шалбарсыз. Өзге де сырт киімсіз.
03.04.97
19.40
Оперативтік қызметкерлер кешке бөлімге жиналды.
– Сарапшылардың айтуынша, Вайсманның бетіндегі дақтар жанар-жағар майдан қалған. Және ол майлар оған тірі кезінде жағылған, – деп хабарлады Савушкин. – Ол жұғындылар қайдан пайда болуы мүмкін? Жәбірленуші жанталаса қорғанған тәрізді, аяғына тиген соққыдан құлаған. Басында да жара. Вайсман сосын қылқындырылған. Екінші директор да дәл солай ажал құшқан. Әлдебір қаржы-өндірістік топ заводты өзінің қоластына сіңіріп алғысы келетін шығар…
Тыңшылар әрқилы болжам жасады.
Савушкин мәжілістен соң Вьюжанинді оңаша алып қалды да:
– Басшыларымыз завод ішіне өз адамымызды кіргізуді ұйғарды. Оғансенілайықтыкөріпотырмыз. Сен – өтесақ, байыпты, ойыңұшқыр, көрегенжансың. Мықты психологсың. Әрі жауапкершілікті жете сезінесің, тәртіпті ұстанасың, – деді.
– Дәл бір жоғары лауазымға ұсынатын мінездеме оқып отырғандай болдыңыз, – деп әзілдеді Вьюжанин.
– Әрине, ұсынысқа келіспеуіңе де болады.
– Қалайша мен қарсы болмақпын, менің оған лайықты екенімді жаңа ғана өзіңіз айттыңыз емес пе. Оған қоса отбасым жоқ, жалғызбастымын.
– Жақсы. Онда іске келейік. Қажетті құжаттар дайындалды. Бұрын әскери арнаулы жасақта қызмет еткенсің. Қысқаша айтқанда, завод күзетугежұмысқатұрасың. Жұмысқа күнде баратын боласың. Игорь, өте сақ болуың керек.
17.04.97
20.40
Бөлімге кешке Савушкин, Лисица, Вьюжанин жиналды.
– Жекеменшік күзеттегі жұмысың ұнап жатыр ма? Мүмкін түпкілікті сонда қалғың келетін шығар?
– Қалу ойымда жоқ, – деп шындап жауап берді Вьюжанин. Сөйтті де қалтасынан диктофонды алып үстел үстіне қойды да қосты. Заремба дауысының жазбасы:
– Майкл бас директор болады деп ойлайсың ба? Оны сайламайды.
Горелыйдың дауысы:
– Оған осы қантөгістер соншама неменеге керек болды екен, ә?
– Енді үшіншісін өзі жайғасын…
Вьюжанин диктофонды сөндірді де:
– Майкл – ол Пронкин, – деді.
– Өте тамаша жұмыс Игорек. Мына жазбаң баға жеткізгісіз аса құнды. Сонымен Пронкин – тапсырыс беруші.
– Мартынов соңғы кезде Пронкинге жұмыстан кетесің деп жүрген көрінеді, – деп түсіндірді Вьюжанин. – Ішімдікке салынғанымен қоймай, қаржысы көп бөлімді басқаруды көздепті және қызмет машинасын беруді талап етіпті.
Савушкин мәжілісті қорытындылай келіп:
– Үшеуін де бірден қолға түсірелік. Игорь, сен заводыңа бар.
– Жолың болсын, өндірі созаты, – деді Лисица күле.
18.04.97
10.05
Вьюжанин кіреберісте күзетте тұрды. Сағат 10-ға таман алдымен Заремба, оныңа ртынша Пронкин өз машиналарымен завод ауласына келіп кірді. Алайда Горелый келмеді.
18.04.97
13.05
Үш сағат өткен соң да Горелый жұмысқа шықпады. Игорь Савушкиннің ұялы телефонына қоңырау шалды:
– «Үшінші» жұмысқа шықпады.
– Қайда екенін білуге тырыс, – деп бұйырды Савушкин.
18.04.97
16.35
Ауысым бастығынан сұранды да Вьюжанин Зарембаны іздеп шықты. Ол шеберхананың сыртындағы орындықта жайбарақат отыр екен.
– Сәлем, Рэмбо.
Заремба орнынан қозғалмастан қолын созды.
– Сенің серігің қайда?
– Оның саған керегі не?
– Балық аулауға шақырайын деп едім. Алдағы сенбіде табиға таясына шығып, көңіл көтерсек.
– Оның өзі табиғат аясында.
– Алыста ма?
– Ахтубе болса керек.
– Жарайды, келсін, сосын барармыз.
Заремба оның айтқанына мән берместен тұрды да гаражға бет алды. Ал Игорь жұмыс орнына оралды. Маңызды жаңалықты жедел хабарлауы керек-ақ. Бірақ қасында Баздырев отырды, ал «Ахтубе» сөзін құпиялап айту мүмкін емес. Игорь Савушкиннің телефон нөмірінтерді де:
– Алексеевич, қарызымды қайтарайын деп едім, келе қалсаңыз.
Сәл үнсіздіктен кейін Савушкин:
– Жиырма минуттан соң бұрышта машинада боламын.
– Келістік.
18.04.97
17.00
Жаңа ауысымның екі күзетшісі келді. Игорь киімін ауыстырды да сыртқа ұмтылды. Бұрышта оны машина күтіп тұр екен.
– Өрт сөндіруші демалысқа кетіпті. Рэмбоның айтуынша Ахтубеге кеткенге ұқсайды.
– Онда Ахтубинскіге ұшуға тура келеді, – деді Савушкин.
– Қазақстанға ма? – деп сұрады Лисица.
– Сен мектепті де екілікке оқығанға ұқсайсың. Географияны білмейді екенсің, – деді Савушкин. – Бұл Астрахан облысы.
– Мүмкін іздеу жариялау керек шығар.
– Жоқ, болмайды. Лисица, сен Ахтубеде қандай демалыс орны бар екенін біл.
18.04.97
18.20
Лисица Савушкиннің кабинетіне кіріп келіп, баяндады:
– Ахтубинскіде Қорғаныс министрлігіне қарайтын демалыс үйі бар екен.
– Горелыйдің бауыры – әскери қызметкер, – деді Савушкин.
– Мүмкін, ол дәл сол демалыс үйінде жатыр. Бара көре жатармыз, бірінші рейспен ұшуға дайындал. Ал мен бірлесе әрекет етуге қатысты кейбір мәселелермен айналыса тұрамын сен келгенше.
18.04.97
19.40
Савушкин мен Лисица аэропорта кездесті.
– Мен әскери контрбарлаумен сөйлестім, – деді Савушкин. – Олар Ахтубинск демалыс үйінің барлық демалушыларын білді. Ол тізімде Горелый жоқ. Горелый жолдамасыз-ақорналасуымүмкін, өйткеніондатуыстары бар ғой… Билеттерді алдың ба?
Ықшамдап аударған Шах МҰРАТ.
(Жалғасы бар).