Жексенбі, 18 Қазан , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Ұлытау облысында «ҰЛЫТАУ – МЕЙІРІМІ» инклюзивті фестивалі өтті

24.09.2026
- Жаңалықтар
0
Ұлытау облысында  «ҰЛЫТАУ – МЕЙІРІМІ» инклюзивті фестивалі өтті
72
БӨЛІСТІ
199
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысы Жезқазған қаласында «Ұлытау – Мейірімі» облыстық инклюзивті фестивалі өтті. Ауқымды шараға Ұлытау облысының қалалары мен аудандарынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар 150 бала мен жасөсіпірім қатысты. Фестиваль Ұлытау облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының қолдауымен ұйымдастырылды.

Фестивальдің басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жастарға тең мүмкіндіктер жасау, олардың спорттық және шығармашылық әлеуетін ашу, әлеуметтік белсенділігін арттыру және инклюзивті қоғамды дамытуға үлес қосу.

Фестивальге «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Ақжол Құрмансейіт, Ұлытау облыстық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Зина Ақылбекова, «Ұлытау-Мейірімі» қоғамдық қорының директоры Гүлжиһан Әбдіғалиева, «Әділет» партиясы филиалы жанындағы Әйелдер қанатының инклюзия бағыты бойынша үйлестірушісі Жанна Болатбекова қатысты.

Іс-шараға Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының командалары қатысты. Екінші рет өткізіліп жатқан фестиваль қатысушыларға жаңа таныстық орнатып, тәжірибе алмасуға, өз қабілеттерін көрсетуге және достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік беретін ортақ алаңға айналды.

Фестивальдің алғашқы күні – Спорт күніне арналды. Шара Жезқазған қаласындағы «Жігер» спорт кешенінде өтті. Бағдарлама қатысушылардың салтанатты шеруі мен фестивальдің ресми ашылу рәсімінен басталды. Қатысушылар эстафеталық жарыстар, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату және басқа да спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасты.

«Бүгінгі фестиваль – балалардың мүмкіндігіне шектеу емес, керісінше олардың қабілетін көрсетуге жол ашатын маңызды алаң. Әр бала өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі керек. Партия осындай бастамаларды қолдай отырып, балалардың спортқа, шығармашылыққа және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасауға үлес қосады. Ең бастысы – балалардың жүзінен қуаныш көріп, олардың өзіне деген сенімінің артқанын байқадық», – деді «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Ақжол Құрмансейіт.

Фестивальдің екінші күні қатысушылар үшін шығармашылық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылып, өнер мен шығармашылық қабілеттерін танытуға мүмкіндік берді.

Бөлісу29Твитерге18

Көп қаралған

  • Энергетиктердің еңбегі еленді

    Энергетиктердің еңбегі еленді

    108 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • АҚШ елшісі мыс қорыту зауытымен танысты

    89 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 22
  • Инженерлік білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық кеңеюде

    74 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • Жезқазғандықтардың үні үкіметке жетті

    96 бөлісті
    Бөлісу 38 Твитерге 24
  • Ұйым жүлдесі «ЖезУ» командасына бұйырды

    110 бөлісті
    Бөлісу 44 Твитерге 28
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру