Жексенбі, 4 Қазан , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс»

Қарт кеншілерге – құрмет

03.10.2025
- «Қазақмыс», Жаңалықтар
0
Қарт кеншілерге – құрмет
84
БӨЛІСТІ
233
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы жанындағы Ардагерлер ұйымының кеншілер қаласындағы байырғы кенші, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Әбуләйіс Молақов тізгінін ұстаған филиалы Қарттар күніне орай «Айшуақ» кафесінде мерекелік дастарқан жайды.

Кен өндірісі саласында ұзақ жыл еңбек етіп, тер төккен қарт кеншілерге құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды.

Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев, Сәтбаев қаласы Ардагерлер ұйымының төрағасы Алаш Тұрлыбек пен кеңес мүшелері, «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Бүкіров, «Ауыл» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Абзал Жиенбаев, ҚХА Сәтбаев қалалық бөлімшесі жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Өтеш Ахметов мерекелік дастарқанның қадірлі қонағы болды.

Қарттарды мерейлі мерекесімен қызу құттықтап, ақсақалдардың жастар тәрбиесіндегі қоғамда алатын орнын жоғары бағалаған қала басшысы Мұрат Бөрібаев Ибадулла Байбатыров пен Галина Федоровна Крединаға – облыс әкімінің, Сабырбек Ысқақов пен Серікбай Досболовқа қала әкімінің Құрмет грамотасын тапсырды.

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрмет белгісі» төсбелгісіне – Мағзұм Қожахметов, Құрмет грамотасына – Алаш Тұрлыбек пен Жәми Тұрсынбаев; облыстық Ардагерлер ұйымының «Ұлытау облысының Құрметті ардагері» төсбелгісіне Қорғабай Күлшәріпов, Алғыс хатына Хамзе Оқасов ие болды.

«Қазақмыс» корпорациясы жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Бүкіров бір топ зейнеткерге «Қазақмыс» корпорациясының Құрметті еңбек ардагері» төсбелгісі мен 100 000 теңгелік сыйақы тапсырды. Олар – К. Балтин, Н. В. Науман, Д. Ерназарова, Р. Р. Валеев, Н. Махатов, Х. Байымбетов, Т. Ахметов, Б. Шәйкенов, З. Жиенбаева, З. Нұрсейітова, Ә. Нұрманов, Н. Н. Макарова, Н. А. Харченко, Ш. Құрсаубаева және В. П. Фадеев.

«Ауыл» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Абзал Жиенбаев партия мүшелері: Тұрлыбек Бәйтіков, Батырбек Балмұқан, Дәулет Айқымбаев, Талғат Бабатаев, Абай Бекешов және Қорабай Рамазановтың омырауына «Ауыл» партиясына – 25 жыл!» мерекелік төсбелгісін тақты.

Мерекелік дастарқан басында емен-жарқын әңгіме-дүкен құрылып, есті естелік айтылды. Қанаттас қоныстанған қос қаланың өнерпаздары әсерлі ән мен мың бұралған биден шашу шашты.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Бөлісу34Твитерге21

Көп қаралған

  • «Сuprum run Zhezkazgan-2023» жүгіру марафоны

    «Сuprum run Zhezkazgan-2023» жүгіру марафоны

    98 бөлісті
    Бөлісу 39 Твитерге 25
  • Хан Ордасы

    165 бөлісті
    Бөлісу 66 Твитерге 41
  • Оқытудың жаңа жобасы –  мүмкіндікке ашылған жол

    141 бөлісті
    Бөлісу 56 Твитерге 35
  • Қарт кеншілерге – құрмет

    84 бөлісті
    Бөлісу 34 Твитерге 21
  • Завод директоры цехтарда болды

    77 бөлісті
    Бөлісу 31 Твитерге 19
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру