Азық-түлік бағасының өсуі – халықтың тұрмыс-тіршілігіне теріс әсер ететін факторлардың бірі. Бүгінде тұтастай республика аумағында халық күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасының өсімі байқалып отыр. Соған орай облысымызда бағанын егізсіз өсіруге қарсы бақылау күшейді.
Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған шаралар легі қолға алынды. Бағаның осыншама шарықтап кетуіне себеп те жоқ емес. Себептің бірі – Қарағанды облысының құрамында болғанда «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы тауар интервенциясы өте аз мөлшерде жасалған. Ал, 2022 жылдың сәуір айында мүлдем тоқтап қалған. Содан желтоқсан айына дейін біздің өңір тұрақтандыру қорының көмегінсіз күн кешті.
Өңірде азық-түлік бағасының қымбаттауына тағы бір себеп – жолдың қашықтығы. Мәселен, Қызылорда мен Жезқазған арасы – 420 шақырым болса, Қарағанды-Жезқазған арасы – 520 шақырым. Оған жолдың сапасыздығын қосыңыз. Қазір бұл олқылықтарды жою үшін жеңілдетілген несие арқылы инвестициялық жобаларды іске асыру керек.. Мұндағы басты мақсат – сөрелерді қолжетімді бағадағы тауарлармен қамтамасы зету.
– Қазір тиісті 8 жоба бойынша ұсыныстарымызды Ауылшаруашылығы министрлігіне енгіздік. Бұл ұсыныстардың жалпы құны 6 млрд теңге шамасында. Оның ішінде сүт фирмаларын жасақтау, көкөніс түрлерін яғни, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабатсияқтыөнімдердеегіпшығару, ет өнімдерінен дайын тағам түрлерін жасау, суармалы жерлерді игеру арқылы көкөністерді, көп жылдық шөптерді өсіру сынды түрлері бар. Міне, осындай бағыттардажұмыс істеп жатырмыз, – дейді бізбен әңгімесінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Бәрекенов.
Ұлытау облысында ауылшаруашылығын қарқынды дамыту көзделіп отыр. Ауылшаруашылығындағы әлеуетті пайдалана отырып тамақ өнеркәсібін де дамытукерек. Бұл бағытта нақты қадамдар да жасалып жатыр.
Арман Бәрекеновтің айтуынша, бұған дейін басталған жоба бойынша құсеті мен құс жұмыртқасын шығарып келген кәсіпкер Ринат Ахтямовтың шаруа қожалығының өндірістік қуатынарттыруға мән беріліп, оны тиісті түрде қаржыландыру тетіктері пысықталды. Бірінші қаржы траншы берілді. Кәсіпкер қазір Кеңгір селосындағы фермада құс етін және құс жұмыртқасын шығару жұмысын қайта жандандырып жатыр.
Аталған кәсіпкер облыс әкімдігі алдында сәуір айының соңына дейін құс етін шығару ісін жолға қоюға бағытталған бірқатар міндеттемелер алып отыр. Ал тамыз, айында құс жұмыртқасын шығаруды көздейді. Яғни, бұл – өңірдегі құ сеті мен жұмыртқасына деген тапшылықтың 30-35 пайызын жабатын болады. Облыс биліг іо сы арқылы, яғни, жергілік өнім өндірушілерге серпін беру арқылы бағаны реттеуді көздеуде.
Қарап отырсақ, Ұлытау облысында еліміздегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміндегі 19 өнімнің 3-еуі ғана шығады. Ол: ет, нан, ұн. Қалғанының бәрі сырттан келеді. Біз көкөніс, сүт өнімдерін Қарағандыдан немесе оңтүстік облыстардан алып отырмыз. Енді сыртқа тәуелді болмай, осы 19 өнімнің кемінде 13-і өзімізде өндіреледі. Осы мақсатта әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы құрылды. Сол арқылы кәсіпкерлерге қолдау болмақ.
Аман Бәрекенов, Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары:
– Тұрақтандыру қорын жасақтау үшін 1 млрд теңге ақша бөлінді. Қаңтар айы бойы осы қаржының 818 млн теңгесіне тиісті тауар түрлерін жасақтадық. Ел өңірлерін араладық. Оңтүстікке де бардық. Шымкент, Түркістан өңірлерін аралап келдік. Әсіресе, Павлодар өңіріне барып, облысымызды картоппен қамтамасыз ету бойынша келісім жасастық. Картоп, сәбіз, қияр, қырықабат, сұйық май, қарақұмық, күріш, қант сияқты тауар түрлеріне тиісті бағамен келсімшартқа отырдық. Қорымыз бар. Азық-түлік бітіп қалады, келмей қалады деген үрей болмауы керек.
Дегенмен, алып-сатумен айналысатын кәсіпкерлер арасында азық-түлік бағасын аспандатып жібергендер тиылмай тұр. Мәселен, өткен жылы осындай 5 кәсіпкер анықталған. Арман Бәрекеновтың айтуынша, олар тауарларға рұқсат етілген 15 пайыздық үстеменің орнына, 55 пайызға дейін үстеме белгілеген, соның салдарынан көптеген тауарлардың бағасы жыл аяғында шарықтап кеткен.
Сосын көңіл аударатын тағы бір мәселе, облыста малдың басы да қауырт өсіп келеді. Өкініштісі, оның да игілігін халық толық көріп отырған жоқ. Біздің өңірдің малын сырттан келіп, арзан бағаға алады да, бордақылап, өзімізге қымбатқа сатады. Енді «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындаҮкімет Ұлытау облысына қосымша 2 миллиард 800 миллион теңге бөлуге дайын. Өңірге іссапармен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов жергілікті шаруаларға осы сүйінші жаңалықты жеткізген болатын.Айта кетейік, пилотты жобаны жүзеге асыруға жаңа облысқа бастапқыда небәрі 570 миллион теңге бөлінді. Күні бүгін ұлы аулық шаруаларға 2,5 пайызбен несиеге берілетін қаражат мөлшері қайта қарастырылғаны белгілі болды. Облысқа ет,сүт өндеу кәсіпорындары мен өсімдік шаруашылығын жандандыратын жобалар қажет. Сұраныс жоғары. Аймақтағы бір ғана тау-кен өндірістері жылына 400 тонна етке тапсырыс беретін көрінеді.
– Мемлекет басшысының бастауымен «Ауыл аманаты» деген үлкен бағдарламаны іске асырып жатырмыз, – дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары. – Оның да операторы ретінде Ұлытау әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы белгіленіп жатыр. Несиешаруаларға 2,5 пайызбен беріледі. Олар 8,5 млн теңгеге дейін несие рәсімде йалады. Шаруалардың енді жергілікті жерде мал шарушалығымен де, егін, көкөніс шаруашылықтарымен де айналысуларына мүмкіндік тумақ. Ал тұрғындарды ет және ет өнімдерімен қамту мәселесіне келсек, бұл бағытта да ірі жобалар қолға алынбақ. Сүт өнімдерін өндіру саласында да, ірі жобалар жүзеге асырылатын болады.
Жалпы, Ұлытау өңірі бәсекеге төтеп бере алатын табиғи азық-түлік өнімдерін өндіруге мүмкіндігі мол. Алғы шарттары да бар. Осы әлеует толықтай пайдаланылса, Ұлытау аймағында бағаның аспандауына жол бермеуге әбден болады.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.