Жексенбі, 18 Қазан , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Көкейкесті

Қымызың қайда, қазақ?..

04.04.2025
- Көкейкесті
0
Қымызың қайда, қазақ?..

filter: 0; jpegRotation: 0; fileterIntensity: 0.000000; filterMask: 0; module:1facing:0; hw-remosaic: 0; touch: (-1.0, -1.0); modeInfo: ; sceneMode: Night; cct_value: 0; AI_Scene: (12, -1); aec_lux: 0.0; hist255: 0.0; hist252~255: 0.0; hist0~15: 0.0;

99
БӨЛІСТІ
274
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Кеншілер қаласындағы сауда орталығының біріндегі мұздатқыштан «Бал қымыз» деген сусын бірден көзім шалынды. 1 литрлік және жарты литрлік құтыңа құйылған қымыздың үш түрі тұр екен. Өкініштісі сол, қымыз қазақтікі емес. Башқұрт балымен ашытылған, Башқұрт республикасында шығарылған өнім. Бәтір-ау, мыңдап жылқы айдаған қазақтың қымызы қайда сонда?

Қазір қай өңірде болмасын жылқы малының басы өсіп келеді. Алайда, оның сүтін, қымызын саудалауды артық жұмыс, артық шығын санай ма, жылқысы барлар оны еттік мақсатқа ғана жаратуда. Рас, мамыр айы мен тамызға дейін бие байлап, сүті мен қымызын табыс көзіне айналдыратындар бар. Бірақ, өнімдерін сауда орындарына шығаратындары аз. Ел қымызды кәсіпке айналдырғандардың үйінен талап әкетіп жатады. Нәтижесінде дүкендердегі сусындардың қатарында қазақтікі емес, өзге халықтардың қымыздары тұратын болды. Неге бізде қымыз өндірісі дұрыс дамымай тұр? Қазақ бұған неге енжар қарайды? Сұрақ көп, жауап жоқ.

Қымыз өндірісін дамыту үшін ол жыл он екі ай сауылуы керек. Бізде бар-жоғы үш-төрт ай ғана сауылады. Оны қайтіп өндіріске айналдырасың деп уәж айтатындар бар. Атам қазақ қыста қысырақ сауып отырғанын неге еске алмайды осы жұрт. Мұны ілгеріректе «Қаракеңгір» кеңшарын басқарған Әліпбек Бекетаев та бір жылдары тәжірибеге енгізген. Ол кезде кеңшарда жылқы басы аз болатын. Қыста қысырақ сауып, қымыз ішті малшылар. Сол істі қазір де жаңғыртуға болады ғой. Егер қымыз өндіруді шын кәсіп еткісі келген адам болса. Әрине, мұны үкімет те қолдап, көзін іздестіруі керек.

Қымызды қазақтың бренді дейміз. Әйтсе де, Абайша айтсақ, қымыз мақтанымыз ғана сияқты қазір. Оны брендке айналдыруға ешқайсымыздың зауқымыз жоқ. Биліктің де, биесі барлардың да. Менің шолақ түсінігімше, қымыз брендке айналу үшін мына «Бал қымыз» сияқты арнайы құтыларға құйылып дүкендерде тұруы керек. Аттарынан адам шатасатын сан түрлі шырын-сусындардың қатарында қазақтың қымызы тұрмайынша ол брендке айнала алмайды-ау.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

 

Бөлісу40Твитерге25

Көп қаралған

  • Энергетиктердің еңбегі еленді

    Энергетиктердің еңбегі еленді

    108 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • АҚШ елшісі мыс қорыту зауытымен танысты

    89 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 22
  • Жезқазғандықтардың үні үкіметке жетті

    96 бөлісті
    Бөлісу 38 Твитерге 24
  • Ұйым жүлдесі «ЖезУ» командасына бұйырды

    110 бөлісті
    Бөлісу 44 Твитерге 28
  • «Таза Қазақстан»: Ұлытауда «Түлектердің ағаш егу» эко-челленджі өтті

    77 бөлісті
    Бөлісу 31 Твитерге 19
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру