Сейсенбі, 24 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Ұлытау облысында Көлік министрінің төрағалығымен көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды

24.11.2026
- Жаңалықтар
0
Ұлытау облысында Көлік министрінің төрағалығымен көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды
65
БӨЛІСТІ
180
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі Әсел Жанасованың төрағалығымен өңірді дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Жиынға облыс әкімі Есет Байкен, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстың қала және аудан әкімдері, ұлттық компаниялардың, салалық және мердігер ұйымдардың басшылары қатысты, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

Кеңес барысында өңірдегі автомобиль жолдарын дамыту, теміржол қатынасы, жолаушылар тасымалы және авиация инфрақұрылымы мәселелері қаралды. Инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуына, жол желісінің жай-күйіне және елдімекендердің көлік қатынасына қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2 711,7 шақырымды құрайды. Өңір құрылғаннан бері 456,3 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Ал 2026 жылы 120 шақырым автомобиль жолында қайта жаңғырту және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Кеңесте әлеуметтік-экономикалық және туристік маңызы зор, ұзындығы 63 шақырым болатын Малшыбай – Сәтбаев автомобиль жолын қалпына келтіру мәселесі жеке қаралды. Сондай-ақ Жезқазған – Сәтбаев, Сәтбаев – Ұлытау және Жәйрем – Қаражал бағыттарындағы жол учаскелерін жөндеу қажеттігі айтылды.

Автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, ауыр жүк көліктерінің салмағын бақылауды күшейту және қосымша автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату мәселелері талқыланды.

Теміржол инфрақұрылымы бойынша жолаушылар вагондарын жаңарту, пойыздардың жүру кестесін қайта қарау, Жезқазған мен Қаражал арасында тікелей теміржол қатынасын ұйымдастыру, сондай-ақ теміржол станциялары мен вокзалдарды одан әрі жаңғырту мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, Түркістан мен Балқаш қалаларына жаңа әуе бағыттарын ашу, Шымкент пен Қарағандыға рейстер санын арттыру және Жезқазған әуежайын қайта жаңғырту мәселелерін қамтитын әуе қатынасын дамыту перспективалары қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірдің көлік жүйесін одан әрі дамыту, жолаушылар тасымалының сапасын жақсарту және облыс тұрғындары үшін көлік қатынасының қолжетімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Бөлісу26Твитерге16

Көп қаралған

  • Инклюзивті білім беру: жүйелі қадамдар мен болашақ бағыттар

    Инклюзивті білім беру: жүйелі қадамдар мен болашақ бағыттар

    114 бөлісті
    Бөлісу 46 Твитерге 29
  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1751 бөлісті
    Бөлісу 700 Твитерге 438
  • Fitch подтвердило рейтинг «Самрук-Қазына» на уровне BBB со стабильным прогнозом

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • САЛЫҚ, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • «Жиен» деп айтудан неге жериміз?

    174 бөлісті
    Бөлісу 70 Твитерге 44
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
imunify-bot-check