Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мереке айшықтары

Ұлыстын Ұлы күні – бірліктін Ұлы тіні

14.03.2024
- Мереке айшықтары
0
Ұлыстын Ұлы күні – бірліктін Ұлы тіні
96
БӨЛІСТІ
268
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Әлімсақтан дана бабаларымыз әз-Наурызды жыл басы ретінде қарсы алады. Самарқанның көк тасы жібігенде көңілдегі өкпе, ренішті кетіріп, адамдардың бір-біріне деген  ықыласын, татулығын нығайтатын да осы мереке.  Сондықтан болар, ата-бабамыз: «Наурыз келді дегенше, ұлыс келді десеңші, Ұлыс келді дегенше, ырыс келді десеңші!» – деп бұл мерекені ерекше ықыласпен қарсы алғаны.

Тіршілік атаулы қыстан шығып, көктемге жеткеніне қуанып, Наурызда құшағы кең ашылатын дарқан көңілді халқымыздың мейірмандығы мен қонақжайлығы осы мейрамда анық көрінеді. Алыстағы ағайын ел арасына қатынап, амандық-саулығын сұрасып, бірін-бірі сағыныса көрісетін бұл күннің мәні зор.  Табиғат  жасарып, жайнаған кезеңге дөп келетін бұл мерекені  өз мәнісінде атап өту – бүгінгі күні жарасымды жалғасын тапқан жақсы үрдіс.

14 наурыз – Амал, Көрісу күнінен басталатын бұл ұлық мереке айдың соңына дейін жалғасып жатады. Әз-Наурыздың тарихы тереңде. Бес мың жылдан бері Ұлы дала төсінде ізгіліктің шұғыласын шашып, табиғатпен үндесе мерекеленіп келе жатқан Ұлыстың ұлы күнінің тарихы қандай бай болса, маңызы мен мазмұны да теңдессіз. Наурыз мейрамы – көне дәстүр сабақтастығының белгісі саналатын, ұлттық мәдениетіміздің қайта түлеген ерекше мерекесі. Халық арасында бұл мереке ұлттық таным бойынша үйге жыл бойы молшылық пен сәттілік әкеледі деген сенім бар.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өндірістік құрылымдары орналасқан өңірлердегі кәсіпорындар әз-Наурызды ұлықтауға көңіл бөледі.  Жезқазған аймағындағы кеніштер, фабрика, зауыттар мен қосалқы кәсіпорындарда бұл күні мерекенің лебі ерекше сезіліп жатады.  Қала көшелеріне тігілген киіз үйлердің ұлттық нақышта безендіріліп, ас-дәмінің де қазақилығына сай болуын ескере отырып, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басшылығы жыл сайын «Үздік киіз үй» байқауын ұйымдастырып келеді. Бұл да мерекенің өз деңгейінде өтуіне ұжымдарды ынталандыратын жағымды дүние.

Сары мыс сапырған Жезқазған мыс қорыту зауытының басшылығы мен ұжымы жыл сайын әз-Наурыздың салтанатты да ұлттық нақышта өтуіне баса көңіл бөледі. Әз-Наурыз басталардан бір апта бұрын «КәсіпҚорған» кәсіподақ комитеті әрбір цехтың мерекелік дастарқанына арнайы дайындалған тәттілерін тарту етеді.

Зауыт аумағына ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, айналасы той-думанға айналады. Әсем безендірілген киіз үйлерде ұлттық тағамдардан дастарқан жайы-
лып, келген меймандарға наурызкөже таратылады.  Кәсіпорынның өнерлі жастары әннен, жырдан шашу шашса, ұлттық спорт түрлеріне құмарлары қарсыластарымен бәсекеге түседі. Асық ату, арқан тарту, қол күресі сынды қазақтың қанына біткен ойындардың көрініс табуы дәстүрге айналған. Алтыбақан маңында топтасқан жастардың жарасымды әңгімесі, ойын-сауығы да мереке ажарын одан әрі әрлендіріп жатады.

Зауыт директоры Саят Әтен бастаған ұжымның жыл басы, Ұлыстың ұлы күні – Наурызға ерекше ықыласпен қарауы осы мерекені кеңінен ұлықтауды көздейді. Тағы бір анығы, әз-Наурыз ұжымның ауызбіршілігін паш етеді.

Ымыра, біршілік пен татулықты ту еткен «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС құрамындағы Жезқазған мыс қорыту зауытының ұжымы биылғы әз-Наурызды жаңаша үлгіде тойлаудың дайындығын бастап та кетті…

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу38Твитерге24

Көп қаралған

  • Жеңіс туын желбіретті

    Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ата-ана баланың қандай әрекеті үшін жауапқа тартылады?

    136 бөлісті
    Бөлісу 54 Твитерге 34
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    185 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру