Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Түркістанда топ жарды

14.03.2024
- Бәрекелді!
0
Түркістанда топ жарды
96
БӨЛІСТІ
267
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясының өңірлердегі өндірістік нысандарын қорғауына алған «Қорғау қызметі» ЖШС Жезқазған филиалының күзетшісі Рүстем Әбдімбеков самбодан өткен жарыста қола жүлдемен оралды.

«Түркістан –түркі әлемінің туристік астанасы» атануы аясында спорт шеберелері арасында самбо күресінен Түркістан қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының спорт шебері Ерқанат Тәңірбергеновті еске алуға арналған Қазақстан Республикасының чемпионатында бабын сынға салған Рүстем Ермекбайұлы қазақша және самбо күресімен 1994 жылдан бері шұғылданып келеді. Ол аталған спорт түрлерінен спорт шеберлігін 1999 жылы алған. Түркістандағы бұл жеңіске дейін Рүстем Әбдімбеков бірнеше чемпионаттарда жеңімпаз атанды.

– Қасиетті Түркістан жерінде өткен чемпионатта 40 – 44 жас аралығындағы спорт шеберлерімен 64 келі салмақ дәрежесінде күш сынастым. Еліміздің әр аймағынан бас қосқан чемпионаттан қола жүлдеге қол жеткізіп қайттым. Бұл спорт түрімен тұрақты түрде айналысып келемін. Біздің жұмыста шымырлық, деннің саулығы басты назарда болғандықтан үнемі жаттығамын. Самбо және қазақша күрестен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болдым, – дейді Рүстем Ермекбайұлы.

Ұлытау облысының намысын ту етіп көтеріп қайтқан әріптестерін «Қорғау қызметі» ЖШС Жезқазған филиалының басшылығы мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті қарсы алып, жеңісімен құттықтады.

Рүстем Ермекбайұлы «КәсіпҚорған» кәсіподағының белсенді мүшесі. Ұйымның ұйымдастыратын спорттық шараларына үнемі қатысып тұрады.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу38Твитерге24

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • #ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ ОБЩЕСТВА

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА БОЛАШАҚ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру