Жексенбі, 18 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Әлеумет

Тұңғыш тұрғын үй кешені бізге элиталық пәтер ұсынады

13.09.2024
- Әлеумет
0
Тұңғыш тұрғын үй кешені бізге элиталық пәтер ұсынады
77
БӨЛІСТІ
213
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Ана қалада тұрғын үй кешені салынып жатыр, мына қалада ел ақылды үйде тұрады» деп аузымыздың суы шұбырып, тамсанып жүруші едік. Енді сондай элиталық пәтерде жезқазғандықтардың да тұрар күні алыс емес. Ондай баспананы бізге «Жетісу» компаниясы салып жатқан «Riviera de luxe» (Ривьера де люкс) тұрғын үй кешені ұсынып отыр.

Бұған дейін қатардағы қарапайым баспанаға зәру болып келген Жезқазған қаласының, тіпті Ұлытау облысының жұртшылығы үшін бұл үлкен жаңалық. Соңғы ширек ғасырға жуық уақыттан бері мысты шаһарда тұрғын үй құрылысы мүлдем кенже қалып еді. Тек, соңғы бірер жылда бұл саланың тамырына қан жүре бастады. Қазір қаланың әр аймағында тұрғын үй һәм өзге де әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Солардың ішінде «Жетісу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатқан заманауи баспананың орны мүлдем ерекше.

«Жетісу» компаниясы 2003 жылы өмірге келген екен. Аталмыш серіктестіктің құрыш қолды құрылысшылары тұрғызған небір зәулім үйлер Астана қаласы мен еліміздің өзге де аймақтарында менмұндалап тұр. Тұрғын үй нарығындағы 20 жыл ішінде компания 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салып, пайдалануға берген. Қазір 80 мың шаршы метр тұрғын үй салып жатыр. 30-ға жуық жобаларды қолға алған. Компанияның 200 тұрақты құрылысшылары бар.

Жуырда біз осы «Жетісу» құрылыс компаниясының Жезқазған қаласындағы өкілдігіне барып, оның жетекшісі Дана Тілеубаевамен тілдескен едік. Әңгіме барысында Дана Игілікқызы келер жылы ел игілігіне берілетін заманауи тұрғын үй кешені жайлы жан-жақты әңгімелеп берді.

Сондай-ақ оқыңыз

Бу-га  құрылғысы салынады

Бу-га құрылғысы салынады

14.03.2025
Ұлытау облысында – жаңа әкім

Ұлытау облысында – жаңа әкім

11.10.2024

Оның айтуынша тұрғын үй кешенінің жер телімі 2,3 гектар. Ал тұрғын үйдің жалпы аумағы 25 023 шаршы метр. Үй кірпіштен салынады. Құрылыс жұмыстары 3 кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңде 9 қабатты 6 подъезді, 224 пәтерлік блок салынады. Құрылыс Жезқазған қаласының шығыс аумағында, «Шығыс айналма» көшесі 1/1 мекенжайында орналасқан. Бұл жерде бұрын бассейн, теннис корты және боулинг болған. Мұндағы ескі ғимараттар сүріліп, тұрғын үй кешенінің құрылысы қызу жүргізілуде.

– Қазір кешеннің бірінші кезеңде салынатын бөлігінің табаны құйылып, жерасты көлік тұрағының қабырғалары қалануда. Бұл блокты біз келесі жылдың соңына дейін салып бітіріп, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Жоспардан шығуға мүмкіндігіміз зор. Өйткені құрылыс материалдарынан кідіріс жоқ. Кірпіштер, жабынды плита-
лар уақытылы жеткізіліп жатыр. Іргетас плитасы мен жабынды плиталарды жергілікті жердегі темір-бетон бұйымдары зауытынан алып жатырмыз. Жұмыс күші мен қаражат та жеткілікті, – дейді Дана Игілікқызы бізбен әңгімесінде.

Сондай-ақ, ол тұрғын үй кешенінің қаланың сыртқары аумағында, Кеңгірдің жағасына  салынып жатқандықтан элиталық пəтерге деген елдің сұранысы бар екенін айтады.

– Жезқазған қаласы жаңа облыстың орталығы болғандықтан шаһарға қоныс аударатын елдің легі де аз болмасы анық. Облыста жаңа мекемелер, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Бұл азаматтардың өмір сүруіне өте қолайлы жағдай деп есептеймін. Сондықтан да, біз заманауи кешенді табиғатқа таяу, Кеңгір көлінің жанға жайлы жағалауында салуды жөн көрдік. Оның үстіне облыс орталығына келген немесе осы жердің байырғы тұрғыны элиталық үйде тұрғысы келетіні де жасырын емес. Осыны ескере келе біз тұрғын үй кешенін жаңа талапқа сай салып жатырмыз. Айталық, элиталық 9 қабатты тұрғын үйдің қабырғасынан бастап, еденіне дейін жылылап, жанға жайлы жағдай жасауға тырысып бағудамыз. Сондай-ақ, пəтердің ішін гранитпен, ал сыртын мрамормен безендіріп, келер жылы құрылысты бітіреміз деп жоспарлап отырмыз, – дейді Дана Тілеубаева.

Дана әңгіме барысында элиталық тұрғын үйдің көлемі əдеттегі əлеуметтік тұрғын үйден əлдеқайда үлкен болатынын айтады. Мəселен, тұрғын үй кешенінде 1 бөлмелі пәтердің екі түрі, яғни – 44,94 және 45,94 шаршы метрлік, 2 бөлмелі пәтерлер – 67,55 және 73,01 шаршы метрден болады. Ал 3 бөлмелі пәтердің бес түрі бар. Олар – 93,14; 95,61; 102; 106 және 122 шаршы метрлік пәтерлер. 4 бөлмелі пəтер 132,92; 156,35 және 156,79 шаршы метр болып үш түрге бөлінеді.

Дана Тілеубаеваның айтуынша тұрғын үй кешенінен пәтер алуға тапсырыс беріп жатқан жерлестеріміз де бар көрінеді. Біреулері төменгі қабаттан, енді біреулер жоғары қабаттан пәтер таңдап та қойыпты. Пәтердің құны да өзгелерге қарағанда жоғары. Бір шаршы метрі 360-370 мың теңге көлемінде. Пәтерді екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық несиесі арқылы да алуға болады. Дана Игілікқызы келешекте пəтердің құны қымбат болатынын да жасырмай отыр.

«Жетісу» ЖШС элиталық көпқабатты тұрғын үйді Үкіметтен көмек алмай, өз қаржысына салып жатқанын айта кету керек. Үлескерлердің қаржысына да қарамайды екен. Олардың өз қаражаты, өз инвесторлары бар көрінеді.

Орайы келгенде элиталық үйдің өзгелерден қандай артықшылығы бар екенін де қысқаша айтып өтейік. Біріншіден, бұл тұрғын үй кешені бизнес класқа жатады. Сондықтан онда өз бизнесін ашқысы келетін жандарға да мүмкіндік мол. Дәмхана, шаштараз, басқа да халыққа қызмет көрсету сервистерін ашу үшін қолайлы баспаналар бар. Екіншіден, кешеннің 80 көлікке арналған жер асты паркингі, кешеннің сыртында қонаққа келгендер үшін көлік қоятын 88 орындық тегін тұрақ та болады. Бұл тұрақтың жанында шағын барбекю алаңы бар демалыс орны да болады. Осындай барбекю алаңы бар демалыс орны тұрғын үй кешенінің төбесінде де болады. Жоғары қабатта тұратын тұрғындар төменге түспей-ақ осы алаңда демалыс жасап, бос уақыттарын қызықты өткізуге мүмкіндігі бар.

Үшіншіден, тұрғын үй кешенінің ауласында арнайы қоршалған балалар алаңы мен спорт алаңы да жабдықталады. Кешенге бөгде адамдар кірмес үшін шлагбаумы бар бақылау бекеті орнатылады.

Ең бастысы, тұрғын үй кешені ақылды үйлер санатында. Онда дәлізде, үйдің ауласында бейнекамералар мен жарық шамдары, өрт қаупі жағдайында дабыл бергіштер қойылады. Есіктерге смарт құлыптар орнатылады. Пәтерлердің терезелері балаларға қауіпсіз етіп жасалады.

Міне, келесі жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға берілетін тұңғыш тұрғын үй кешені біздің де өзге аймақтардағы сияқты элиталық үйде тұруымызға мүмкіндік жасауда. Жағдайымыз келіп жатса неге мұндай үйде тұрмасқа. Тек бәрі сәтімен болсын деп тілейік. Тұрғын үй құрылысы тоқырап, сақалды нысандардың санатына кіруден сақтасын.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

 

Бөлісу31Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру