Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Ұлытау облысы аумағында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға, насихаттауға елеулі үлес қосқан мәдениет қызметкерлеріне және тіл жанашырларына Ұлытау облысы әкімінің сыйлығы тапсырылды.
Бұл уақытқа дейін мемлекеттегі Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте тойланатын. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданған. Ол заңда сол кездегі Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілді. Ал 1998 жылдың 20 қаңтарында 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. Ал еліміздегі тілдер мерекесінің датасы өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. 5 қыркүйек күні барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды.
Мерекелік кеште Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен , Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Алғыс хатымен бірқатар тіл жанашырлары мен қоғам белсенділері марапатталды. Сонымен бұл күні облыс әкімі тағайындаған «Тіл жанашыры» номинациялары тапсырылды. Конкурс жарияланған кейін 6 аталым яғни «тіл жанашыры», «тіл майталманы», «тіл тірегі», «тіл жаршысы», «тіл насихатшысы», «тіл көкжиегі» бойынша қоғамдық бірлестіктер мен басқа да үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің ұсынысымен 16 үміткердің құжаты келіп түскен. Әр номинация иегерлері 500 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Кештің ең басты марапаты «Тіл майталманы» номинациясы. Бұл номинацияға ана тіліміздің мәртебесін көтурге аянбай еңбек етіп жүрген қоғам белсендісі, «Қазақ тілі» ҚБ-де текті тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге, мәртебесін көтеруге барын салып еңбек етіп келе жатқан Мейрмакүл Мусина лайық деп танылды.
Сондай-ақ, мерекелік кеште мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға, насихаттауға елелулі үлес қосқан тіл жанашыларлы облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.