Сенбі, 7 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Түйткіл

Тараптар келісімге келді

18.08.2023
- Түйткіл
0
Тараптар келісімге келді
80
БӨЛІСТІ
222
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» басшылығы Сәтбаевтағы кеншілердің арыз-талаптарын тыңдап, олармен келісімге келді, – деп хабарлайды «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баспасөз қызметі.

«Қазақмыс» басшылығы жұмыстарды тоқтата тұру туралы жариялаған мердігер ұйымдардың жұмысшылары мен кеншілер қойған мәселелерді шешу үшін шахтаға түсті. Кездесу нәтижесінде тараптар келісімге келді. Жұмысшылар мәселелерінің бір бөлігі сол жерде келісіліп, қанағаттандырылды. Көтерілген мәселелердің екінші бөлігін орындау – заңнамалық өзгерістерге қатысты, осыған байланысты оны шешуге қосымша уақыт қажет. Оларды жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерінен тұратын арнайы құрылған бастамашыл топ пысықтайтын болады», – делінген түсініктемеде.

Орайы келгенде айта кетейік, 2023 жылғы 14 тамызда түнгі ауысымға түскен Сәтбаев өндірістік алаңындағы № 65 шахтасының кеншілері мен мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері жұмысты тоқтатқанын хабарлады. Мән-жайды білу-анықтау мақсатында «Қазақмыс» басшылығы, прокуратура және жергілікті атқарушы билік өкілдері оқиға орнына барды. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін кеншілердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізді. Бастамашыл топ компания басшыларының атына 15 пункттен тұратын өздерінің талаптарын жолдаған болатын.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, келіссөздер қорытындысы бойынша кәсіпорында жұмыс жалғасын тапқан. Ал, ереуілге шыққандардың ешқандай жауапкершілікке тартылмайтыны айтылған.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу32Твитерге20

Көп қаралған

  • Мақал-мәтелдің маңызы

    Мақал-мәтелдің маңызы

    902 бөлісті
    Бөлісу 361 Твитерге 226
  • Еңбегімен еңселі

    108 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • Адалдығына тәнтіміз

    109 бөлісті
    Бөлісу 44 Твитерге 27
  • Цех жұмысымен танысты

    84 бөлісті
    Бөлісу 34 Твитерге 21
  • Байыпты үш бағыт

    87 бөлісті
    Бөлісу 35 Твитерге 22
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру