Сенбі, 21 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрендері

Талпынысы таудай Қыдырбек

16.08.2024
- Өндіріс өрендері
0
Талпынысы таудай Қыдырбек
82
БӨЛІСТІ
228
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Тау-кен, металлургияны дамыту – бүгінгі күні ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басымдық беріп отырған салаларының бірі. Бұл екі бағыт мемлекеттің экономикасын әлдендіруде айрықша мәнге ие. Оны Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында жиі айтып келеді. Осы бағытқа жастарды тартып, оларды тұрақты жұмыспен қамту, оқыту, мамандыққа бейімдеу сынды шаралар «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өндірістік құрылымдарында атқарылып келеді.

Қарағанды өндірістік аймағындағы «Нұрқазған» кеніші жаңа дәуірмен қатар іргесі қаланып, осы кезеңмен бірге өсіп келе жатқан кен өндіруші алыптың бірі. Мұнда еңбек етуге топтасқандардың үлес салмағын жастар құрайды. Білікті басшы, тау-кен ісінің майталманы әрі ірі ұйымдастырушысы Мұқан Үңгітбаевтың маңына топтасқан жастардың еңбекке деген құлшыныстары олардың жүйелі жұмыстарынан-ақ көрініп тұрады. Кеніштегі өндірістік бөлімде кен өндіру, оны жер бетіне шығару, еңбектегі қауіпсіздік жұмыстарын атқаруда ерекше көзге түсіп жүрген жас маман Қыдырбек Мараттың жас та болса өз ісіне деген жауапкершілігі мамандығына деген адалдығын танытады.

Қыдырбек Арыстанұлы – Жезқазғанның тумасы. Осы өлкеде туып-өскен ол, Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университетін көлік саласы бойынша тәмамдаған. Жоғары білімді растайтын дипломды алған бетте Қыдырбек «Транко» АҚ құрамындағы «Транко Экспресс» ЖШС Қарағанды филиалына слесарь-жөндеуші болып жұмысқа қабылданды. Еңбекте епті жігіттің беталысын байқаған басшылық оны көп ұзамай жүк автоколлонасының механигі етіп тағайындады. Жеңіл автокөліктер мен жүк тасымалдайтын көліктердің тетігін білетін маманның кенеттен кенішке ауысуының сырын сұрағанда:

– Түпкілікті қалауым шахта болды. Алғашқы еңбек еткен кәсіпорнымда азды-көпті тәжірибе жинақтадым. Сол тәжірибем маған бұл жақта да ауыр техникалардың тілін табуға септесуде, – деді.

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

Қыдырбек Мараттың кеніштегі өндірістік бөлімге келгеніне 2 жыл ғана болса да, өзіне жүктелген жұмысты тыңғылықты орындап, жетіқат жер астындағы еңбек қауіпсіздігінен бастап, кен өндіріп, оны діттеген межеге жеткізуге дейінгі аралықтағы шаруаларды бақылап келеді. Бұл бөлімге «Кенші даңқы» төсбелгісінің толық иегері, кеніш іргесін қалаған күннен бері қарай соның қиындығы мен өркендеу кезеңін қатар көтеріп жүрген өндіріс озаты Тілеген Нұрмағанбетов басшылық жасайды. Тілеген Қайратбекұлы өзінің қарамағына келген жастарды өндірістік үдеріске тарта отырып, еңбек ортасында олардың жетілуіне көп мән береді.

– Өндірістік бөлімнің атқаратын жұмысы сан салалы. Механикалық үдеріс, энергетика, геология сынды қызметтермен қатар, кен өндіру жағынан да үлесін қосады. Ол кеншілердің еш уайымсыз және де қауіпсіз жұмыс орнына және үйіне жетуін, өндірістік үдеріске керекті құрал-сайман, техникалық жабдықтарды жақсарту және жеткізу, барлық тау-кен өндіру кезіндегі ресурстарды үлестіруді басқаратын құрылым болып келеді.

Өндірістік бөліміміздің басшысы Қайратбек Тілегенұлы осы салалардың шаруасына қатысты бағыттардың барлығын бес саусағындай меңгерген басшы. Шахтаға түсетін әрбір еңбеккердің денсаулығына әсері бар әрекеттерді дер кезінде жойып, реттеуге мән береді. Ұжымның қызметкерлері ол кісінің тәжірибесінен өтіп, ысылдық. Өндірістегі алғашқы ұстазым да Қайратбек Тілегенұлы, – деді өндіріс жөніндегі инженер маман.

Қыдырбек қазіргі күні тау-кен мамандығы бойынша Қарағанды техникалық университетінде жоғары білім алуда. Өндіріске араласқанына көп бола қоймаса да Қыдырбек Арыстанұлының өз мамандығына деген ынтасы айрықша, талпынысы таудай. Тау-кен саласында көзге түсіп келе жатқан жас өреннің өндірістегі қадамы өрісті болғай.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу33Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру