Сенбі, 18 Сәуір , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрісі

Талғат Көшкімбаев, темір жонушы: «Темір жонушыға білім мен төзім керек»

20.09.2024
- Өндіріс өрісі
0
Талғат Көшкімбаев, темір жонушы: «Темір жонушыға білім мен төзім керек»
119
БӨЛІСТІ
330
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС қарасты тау-кен, шахта жабдықтары зауыты біздің өңірдегі шахта, фабрика, зауыттарға қажетті бөлшектер даярлап шығатын ірі кәсіпорын саналады. Елу жылдық тарихы бар бұл зауытта өндіріске қажетті түрлі бөлшектер дайындалып, нысандарға жіберіледі.

Ауқымы кең кәсіпорында қым-қуыт тіршілік қайнап жатыр. Бұл жерде темір жонушы мамандығы жоғары сұранысқа ие. Қиын да күрделі бөлшектерді берілген тапсырыстағыдай орындап шығу үшін қаншама еңбек жатыр деңізші. Зауыттың бөлшектер дайындау цехында аға буынмен қатар бір сапта жүрген жастардың да кәсіпке деген қызығушылығы ерекше. Солардың қатарында Талғат Көшкімбаев бар.

Талғат Рахимбекұлы зауытта 2007 жылдан бері еңбек етіп келеді. Сәтбаев қаласындағы №3 кәсіптік-техникалық училищеде оқып жүргенде осында тәжірибеден өтті. Цехтағы жұмыс барысы, ұжымның адамдарға деген қарым-қатынасы ұнағандықтан жас маман осында жұмысқа орналасуға бел буды. Мұнда алғаш келгенде оны Жаймұқан Арыстанбаев пен Ерболат Ақдәулетов, цех басшысы Бабахан Әміров кәсіптің қыр-сырына баулыды. Талғат бүгінде 6-разрядты темір жонушы. Биылғы жылдың өндірістік көрсеткіші бойынша кеншілер күнінде «Қазақмыс жұлдызы» арнайы сыйлығының «Үздік темір жонушы» аталымына ие болды.

– Өндіріс – еліміздің дамуындағы басты буынның бірі десек, онда темір жонушылардың алатын орны айрықша. Қайткенде мен өзіме тапсырылған міндетті сапалы орындаймын, бүгінгі еңбек күнін табысты өткізейін деген маман – өз кәсібінің нағыз шебері. Ал мамандықтың майталманы бола білу – өз қолымызда ғой. Мен осында келген сәттен бастап-ақ өз кәсібіме жауапкершілікпен қарауды үйрендім. Өйткені, әрбір жонылып, дайындалатын бөлшек кейін өндірісте қолданылады. Сондықтан оның сапасына, тапсырысқа сай шығуына көп көңіл бөлдім. Тәлімгерлердің бағытымен барлығын меңгердім. Мамандық таңдау – қиын іс. Мамандық таңдаудан қателессеңіз, өмір бойы жаныңыз қаламайтын іспен айналысуға тура келеді. Ал, ұнатпай істеген шаруада береке болмайды. Темір жонушы үшін ең әуелі білім, сосын төзім керек. Осы екі бірдей құндылықты дұрыс ұстай білгенде ғана қолға алған дүнием көңілім қалағандай шығады, – деді Талғат бізбен әңгімесінде.

Он жеті жыл еңбек тәжірибесі бар Талғат Рахимбекұлы цехқа жас маман ретінде қадам басса, қазір өзі де тәлімгер атанып үлгерді. Тәліміндегі жас маман Еркін Мейрамбаевты осы кәсіпке баулып келеді. Кәсібінде үздіктер сапынан көрінген Талғат Көшкімбаев салауатты өмір салтын серік еткен азамат. Ол жұмыстан бос уақытында футбол ойнайды. «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС футбол командасының мүшесі.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу48Твитерге30

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1612 бөлісті
    Бөлісу 645 Твитерге 403
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1529 бөлісті
    Бөлісу 612 Твитерге 382
  • Бағаналының Сағындық батыры

    878 бөлісті
    Бөлісу 351 Твитерге 220
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    856 бөлісті
    Бөлісу 342 Твитерге 214
  • Кеңгірбай бидің батасы

    617 бөлісті
    Бөлісу 247 Твитерге 154
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру