Бейсенбі, 15 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Тағзым

Киелі Түркістанға саяхат жасатқан Ардагерлер ұйымына алғысымыз шексіз

07.10.2022
- Руханият
0
Тағзым
137
БӨЛІСТІ
381
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Біз, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы «Ардагерлер кеңесі» Қоғамдық бірлестігі Жезқазған  филмалының бір топ зейнеткері, 22-24 қыркүйек күндері еліміздің рухани астанасы саналатын  Түркістан қаласына,   облыстың тарихи-мәдени ескерткіш орындарын тамашалауға, саяхат жасап қайттық.

«Сайрамда сансыз баб, Түркістанда түмен баб, Отырарда отыз баб» деген сөз бекер айтылмаған. Әрбір жердің өз киесі мен қадірі болады десек, Түркістан облысында  ғажайып орындар көп екендігі белгілікті. Оның дәлелі ретінде осы аймақта орналасқан, тарихқа аты алтын әріппен жазылған қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Укаша ата, Домалақ ана кесенелері және т.б. киелі орындарды атап айтуға болады.

Жол көресетуші гидіміз   Сабыр деген азамат бізді Түркістанға атбасын бұрған туристердің жиі келетін киелі мекеннің бірі Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы,  Мұхаммед  пайғамбардың замандасы, сенімді серігі әрі күзетшісі, ислам дінін таратушы болған – Укаша ата сахаба кесенесінен   бастады. Укаша атаның қабірі орналасқан кесенеге кіріп құран оқыған соң, тау басындағы құдықтың басына барып кезекпен шелек  су алдық. Ол құдықтың қасиеттілігі сонша, су біреулерге беріледі, біреулерге қанша мәрте шелек салғанымен бір тамшы су ілінбейді екен.

Укаша атаның сенімді серігі болған, оның құрал сайманын күтіп, баптаушы әрі әскерінің қолбасшысының бірі болған Ер Қоян ата әулие қабырының басына барып құран бағыштадық.

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде Гауһар ананың – ұлы ақын, ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің қызының кесенесі тұр. Емшілік қасиеті ерекше жан болған деседі. Әлі күнге дейін ана кесенесінің маңында емдік қасиеттері бар артезиан суы шығатын құдықтан су ішіп, шелектеп басымыздан су құйып, құран бағыштадық.

Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналатын, Қожа Ахмет Ясауиге алғашқы ұстаз болған бабалардың бабасы Арыстан баб  – әулие мазарына құран оқыттық. Ауданы үлкен күмбезді мешіттері бар кесененің айналасы әр түрлі өсиеттер жазылған тақталары мен ескерткіштерін аралап тамашаладық.

Ел арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар ғой.

Одан кейін Түркістан облысының  басты салтанаты Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тоқталдық. Қожа Ахмет Ясауи мемориалдық комплексі жеке бір әлем, ол туралы көрген  білгенімізді жазып тауысу мүмкін емес. Өте ғажап, керемет этно –көрністер қарасаң көз тоймайтын тылсым дүние. Жаяу да, электрокармен де аралап шықтық. Ал кешкі «Венеция» мүлдем басқаша, таңғажайып әлемде «Қыз-Жібек» түнгі шоуын көріп керемет әсер алдық

Осыншама ерлік жасаған батыр бабаларға барып, көзбен көріп, зиярат жасап тамаша жерлерді аралап естен кетпес әсер алғанымыз үшін автобус пен жататын орынмен, гидпен  қамтамасыз еткендері үшін «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы «Ардагерлер кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің  басқарма төрағасы  Төлеген Бүкіров мырзаға, осы топқа басшы болып барып, бар жағдайымызды жасаған Жезқазған филиалының жетекшісі Алтын Шәйменқызына зор ықыласпен рақметімізді айтып, алғыс білдіреміз.

Қ.Алпысбаева, Б.Байгенжинов, Ж.Кенбаев, Ш. Құдаспаев, И.Сақтапберген, Ж.Шынқожаев.

Бөлісу55Твитерге34
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру