Есте сақтаңыз:
* тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда шомылыңыз;
* тыйым салынған жерлерде суға түспеңіз;
* балаларды су маңында қараусыз қалдырмаңыз;
* мас күйінде суға түсуге жол бермеңіз;
* таныс емес, тереңдігі белгісіз жерлерде жүзбеңіз;
* қауіпсіздік белгілері мен құтқарушылардың ескертулерін қатаң сақтаңыз;
* қайықпен немесе басқа жүзу құралдарымен жүргенде қауіпсіздік талаптарын орындаңыз.
Заң талабы: Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау, егер әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Су – демалыс орны ғана емес, қауіп көзі де болуы мүмкін. Бір сәттік немқұрайлылық орны толмас өкінішке әкелуі ықтимал.
Қауіпсіздік ережесін сақтау – өз өміріңді және жақындарыңның өмірін қорғау!
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК
#СУДАҒЫҚАУІПСІЗДІК

