«KazakhmysBarlau» Ұлытау облысында геологиялық сессия ұйымдастырды. Оған геология ардагерлері мен жетекші мамандар қатысты. Сессия қонақтары «Қазақмыс» корпорациясының минералды-шикізаттық базасымен танысып, ШығысЖезқазған кенішінің шахтасына түсті.
Өндірістік алаңдарда олар дала жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи технологиялармен танысты. Бұл сессия геологтар үшін ағымдағы және келешектегі жобаларды талқылап, өз тәжірибелерімен алмасу үшін таптырмас мүмкіндік болды.
Жиын барысында мамандар KazakhmysBarlau-дың еліміздің геологиялық саласына кен орындарын зерттеу арқылы қосып жатқан үлесі мен материалдық қолдауының зор екендігін атап өтті.
Сессия қатысушылары, сондай-ақ, геологиялық барлау жұмыстарының түрлі аспектілерін талқылап, оның ішінде сәтті жобаларды атап, қатерлер мен даму перспективаларын ортаға салды. Осы индустрияны дамыту үшін заманауи технологияларды пайдаланып, кадрларды даярлаудың маңыздылығы да аталды.
Жас мамандар тәжірибелі, білікті геологтардан өз сұрақтарына жауаптар мен кеңестер алды.
ҚР еңбегі сіңген геологы Олжабай Исмаилов: «Біз өзара әңгімелескен кезде, пайдалы қазбалар кеніштерін тауып, оның тереңдегі құрылымын анықтау үшін «KazakhmysBarlau» компаниясында барлық құралдар бар екенін қуана сөз етеміз: ол – заманауи геофизикалық тәсілдер мен сапалы геологиялық зерттеулер. Біз осы жерде жаңа кен орындары ашылатынына 100% сенімдіміз. Сіздерге сәттілік тілейміз!», – деді.
Бұл сапар барысында геологтар мен ардагерлер Ұлытау облысының киелі жерлерін де аралады. Оның ішінде Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл, Дүзен мен Ерден кесенелері жәнеҮш жүздің басы қосылған тарихи қасиетті жер – Хан Ордасы бар.
Сессия соңында геология ардагерлері компанияның жоғары деңгейін атап өтіп, «KazakhmysBarlau» қызметкерлерінің кәсібилігін бағалады. Сессия қатысушылары мұндай танымдық, тиімді сапарларды жиірек өткізіп тұруды ұсынды.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.