Дүйсенбі, 8 Маусым , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс»

Қазақмыс басқару құрылымын трансформациялайды және басшылық құрам санын қысқартады

03.04.2025
- «Қазақмыс», Жаңалықтар
0
Қазақмыс басқару құрылымын трансформациялайды және басшылық құрам санын қысқартады
92
БӨЛІСТІ
256
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы басқару жүйесі мен кадрлық саясатты ауқымды реформалауды бастады деп  мәлімдеді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев Жезқазғандағы еңбек ұжымдарымен өткен кездесуде.

Өзгерістердің мақсаты – басқару тиімділігін арттыру, жұмыскерлердің мәселелерін жедел шешу, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және әлеуметтік қолдауды жақсарту. Сондай-ақ, реформа барлық деңгейде ашықтық пен жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

Өзгерістер аясында басқарудың екі деңгейі таратылып, корпорацияның бас директоры және кен-байыту кешенінің бас директоры лауазымдары жойылады. Сондай-ақ, филиалдық жүйе қайта қаралады, бұл шешім қабылдау процесін жеделдетіп, компания ішіндегі коммуникацияны жақсартуға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында Нұрахмет Нуриев Олег Копытовқа компанияның бас директоры лауазымында атқарған қызметі үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта сәттілік тіледі. Сонымен қатар ол жаңа орынбасарларын таныстырды: Саят Бакиров (өндіріс бойынша) және Ғалым Нұржанов (геология және даму бойынша).

Құрылымдық трансформацияға келетін болсақ, енді барлық өндірістік кәсіпорындар технологиялық және географиялық қағида бойынша қайта ұйымдастырылады. Маусым айына дейін компанияның жаңа құрылымында бес дербес бөлімше құрылады:

  • Нұрқазған тау-кен өндірісі
  • Жезқазған тау-кен өндірісі
  • Қарағайлы тау-кен өндірісі
  • Балқаш тау-кен өндірісі
  • Шатыркөл-Жайсаң тау-кен өндірісі

Әр бөлімшені тәжірибелі басшы басқарады, оған жедел шешім қабылдау үшін барлық қажетті өкілеттік беріледі. Басқарудың жаңа жүйесі әрбір бөлімшеге өндірістік, әлеуметтік және еңбек мәселелерін дербес шешуге  мүмкіндік береді.

Өтпелі кезеңде жаңа құрылымдардың басшылары барлық процесті қайта құрумен, өзара тиімді іс-қимылды жолға қоюмен және өндірістің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етумен айналысады. 1 маусымға дейін бейімделу кезеңін аяқтап, жұмысты  жаңартылған форматқа көшіру көзделген.

 

 

Таңбалар: «Қазақмыс»Нұрахмет НуриевОлег Копытов
Бөлісу37Твитерге23

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1638 бөлісті
    Бөлісу 655 Твитерге 410
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1538 бөлісті
    Бөлісу 615 Твитерге 385
  • Бағаналының Сағындық батыры

    895 бөлісті
    Бөлісу 358 Твитерге 224
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    864 бөлісті
    Бөлісу 346 Твитерге 216
  • Кеңгірбай бидің батасы

    629 бөлісті
    Бөлісу 252 Твитерге 157
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру