«Қазақмыс» корпорациясының ірі өндірістік құрылымдары орналасқан аумақта «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС филиалдары сол төңіректегі еңбеккерлер мен тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуде.
Орталыққа қарасты филиал Балқаш қаласында да жұмысын жүйелі түрде жүзеге асырып отыр. 2017 жылдан бері қарай орталықтың құзырындағы емхана білікті мамандармен қамтылған. Балқаштың ақ желеңді ардақты жандары биылғы мерекелерін көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуда.
Суретте: (солдан оңға қарай) емхананың невропатолог дәрігері Әлия Молдабаева, профпатология бөлімінің жетекшісі, профпатолог дәрігер Майя Құнарбекова, кардиолог дәрігер Ақерке Шораева, Балқаш өңірі бойынша аға фельдшер Аймаш Иманбек, жалпы тәжірибелік дәрігер Мақсат Тақабаев.