«Ұлытау» спорт сарайында Ұлытау және Жезді аудандарының Құрметті азаматы, КСРО-ғаеңбегісіңгенметаллургі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қадір Маткеновті еске алуға арналған IV республикалық турнирі өтті.
2008 – 2010 және 2011 – 2013 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы турнир осымен қатарынан төртінші жыл ұйымдастырылуда. Республикалық деңгейде қолға алынатын спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын дамыту, олардың спортқа, соның ішінде күрес өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Дүбірлі додаға еліміздің түпкір-түпкірінен сайдың тасындай іріктелген сайып қыран балуандар жиналды.
Жалпы, Қадір Маткеновтың есімі Жезқазған – Ұлытау аймағы тұрғындары үшін етене таныс. Ол жоғары оқу орнын бітіріп, қарашаңыраққа жолдамамен келген күннен бастап Қарсақбайдың өз адамына айналды. Зауыт мыс өндіруді толық тоқтатқанда да ол Қарсақбайда қалып, оны жаңа өндіріс арнасына бұрып, қарашаңырақты қаңыратпай сақтауға орасан зор күш-жігер жұмсады. Жарты ғасырға жуық аймақ экономикасының өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты, еліміздегі түсті және қара металлургияның даму тарихына өшпес із қалдырды. Ардақты жанның соңында қалған ұрпақтары да – ұлтын сүйген ұландардың алдыңғы қатарында.
– Мен атамды мақтан тұтамын. Ізін жалғастырып, үлкен істерді бағындырсам деймін. Бүгінгі ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – деді жарыс алдында болған тілдесуімізде Қ.Маткеновтіңн емересі, грек-римкүресінен ҚР спорт шеберіне үміткер Ануар Маткенов.
Боз кілемдегі белдесулердің барлығы дерліктартысты өтті. Қарсыластарын алып та, шалып та жыққаншын шеберлер жеңіс тұғырына көтерілді. Жарыс ұйымдастырушылары мұндай турнирлер арқылы жастардың спортқа деген қызығушылығы артатынын бірауыздан мәлімдеді. Жалпы, Жезқазған өңірі бұл сала бойынша біршама ауқымды шараларды қолға алған. Қ. Маткенов атындағы дәстүрлі дода келер жылы да өз жалғасын табатын болады.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.