Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Республикалық турнир айтулы тұлға есімін тағы бір мәрте асқақтатты

Ұлытау облысы: апта тынысы

19.05.2023
- Бәрекелді!
0
Республикалық турнир айтулы тұлға есімін тағы бір мәрте асқақтатты
103
БӨЛІСТІ
285
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Ұлытау» спорт сарайында Ұлытау және Жезді аудандарының Құрметті азаматы, КСРО-ғаеңбегісіңгенметаллургі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қадір Маткеновті еске алуға арналған IV республикалық турнирі өтті. 

2008 – 2010 және 2011 – 2013 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы турнир осымен қатарынан төртінші жыл ұйымдастырылуда. Республикалық деңгейде қолға алынатын спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын дамыту, олардың спортқа, соның ішінде күрес өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Дүбірлі додаға еліміздің түпкір-түпкірінен сайдың тасындай іріктелген сайып қыран балуандар жиналды.

Жалпы, Қадір Маткеновтың есімі Жезқазған – Ұлытау аймағы тұрғындары үшін етене таныс. Ол жоғары оқу орнын бітіріп, қарашаңыраққа жолдамамен келген күннен бастап Қарсақбайдың өз адамына айналды. Зауыт мыс өндіруді толық тоқтатқанда да ол Қарсақбайда қалып, оны жаңа өндіріс арнасына бұрып, қарашаңырақты қаңыратпай сақтауға орасан зор күш-жігер жұмсады. Жарты ғасырға жуық аймақ экономикасының өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты, еліміздегі түсті және қара металлургияның даму тарихына өшпес із қалдырды. Ардақты жанның соңында қалған ұрпақтары да – ұлтын сүйген ұландардың алдыңғы қатарында.

– Мен атамды мақтан тұтамын. Ізін жалғастырып, үлкен істерді бағындырсам деймін. Бүгінгі ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – деді жарыс алдында болған тілдесуімізде Қ.Маткеновтіңн емересі, грек-римкүресінен ҚР спорт шеберіне үміткер Ануар Маткенов.

Боз кілемдегі белдесулердің барлығы дерліктартысты өтті. Қарсыластарын алып та, шалып та жыққаншын шеберлер жеңіс тұғырына көтерілді. Жарыс ұйымдастырушылары мұндай турнирлер арқылы жастардың спортқа деген қызығушылығы артатынын бірауыздан мәлімдеді. Жалпы, Жезқазған өңірі бұл сала бойынша біршама ауқымды шараларды қолға алған. Қ. Маткенов атындағы дәстүрлі дода келер жылы да өз жалғасын табатын болады.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу41Твитерге26

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА БОЛАШАҚ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Ұжымым – екінші отбасым»

    102 бөлісті
    Бөлісу 41 Твитерге 26
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру