«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ құрылымдарында еңбек етіп жүрген бір қауым нәзік жанға 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Қыр гүліндей құлпырған қызғалдақтарға, өндірістің ажары болған аруларға деген ыстық ықыласын «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ бас директоры Жасұлан Байниязов жеткізіп, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының Құрмет грамотасын табыс етті. Нәзік жандарға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ персонал жөніндегі директоры Бақыт Түсіпбеков сый-құрмет көрсетті.
«Amanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалының, тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы, «Казпрофметалл», «Еңбек» кәсіподақтары да өндірістегі аруларды ұлықтады. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» Жастар одағы да аяулы жандарға деген ілтипатын білдірді.
Аруларға арналған салтанатты жиынды жергілікті өнер жұлдыздары әнмен әспеттеп, күймен көмкерді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.