Жезқазған қаласында Ұлытау облысы әкімінің қатысуымен қоғамдық кеңесте «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев корпорация тарапынан жүзеге асатын шараларды баяндады.
Шағын таныстыру аясында ол жиналғандарға Жезқазған және Сәтбаев қалаларында әлеуметтік жобаларды іске асыруға дайындықтар туралы сөз етті.
– Қазір құрылыс маусымы басталып, «Қазақмыс» Жезқазған қаласындағы денешынықтыру-сауықтыру кешеніндегі жұмыстарды бастады, – деген Нұрахмет Қанатұлы сөзін сабақтай келе, – сондай-ақ, биылғы жылдың жоспарында жарияланған барлық нысандарды, оның ішінде жасалған Меморандумнан тыс қосымша нысандарды жөндеуді іске асыруды көздеп отырмыз.
Олардың қатарында Қ. Сәтбаеватындағы алаң, «Кенші даңқы» алаңы мен Кеңгір жағалауы және жаңа мешіт құрылысы бар. Ұлытау өңірінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға дайын екенімізді сөзбен емес, іспен көрсеткіміз келеді. Ең бастысы, тұрғындар мен қала әкімшілігі тарапынан қолдау мен түсіністік болуы керек, – деді.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
баспасөз қызметі.