Үстіміздегі жылдың 14–15 тамызында Қоскөл ауылында ел азаматтарының ұйымдастыруымен Қоскөл ауылының 50 жылдығына арналған дүбірлі той өтті. Той шымылдығын ел ардақтысы, ақын Жүрсін Ерман Алматыдан арнайы келіп, өзі ашты.
1974 жылдың 15 қазанында, Қазақ КСР Министрлер Советінің № 545 қаулысына сәйкес, Қ. И. Сәтбаев атындағы совхоз құрылып, 23 қазанда орталығы Қоскөл селосы болып белгіленді. Алайда жыл аяғы, әрі қыс мезгілі болуына байланысты, ұйымдастыру жұмыстары Құлжанбайда басталды. Сол жылы жаңадан пайдалануға берілген, интернат үйі босатылып, бір басы совхоз конторы, бір басы жатақхана, асхана болды.
Қыс бойы үкіметтен бөлінген жаңа техникалар Құлжанбайда жинақталып қатарға қойылды. Бұл жұмыстардың басында сол кезде жаңадан тағайындалған, бас инженер Есболған Құтымбетов (1993 – 1994 жж. Жезқазған облыстық кеңесінің төрағасы), МТМ меңгерушісі Талдығали Сенбин, автомеханик Өміртай Тұржановтар болды. 1975 жылы наурыз айының аяғында Қарақұм өңіріндегі барлық ауылдардан жүргізушілік куәлігі бар шоферлар мен механизаторларды, сырттан келгендерді Құлжанбайға жинап, автокөліктер мен тракторлар рөліне отырғызды. Сәуір айының басында орталық Қоянқарта табанындағы Мешіт қыстағына көшіріліп, қазіргі Қоскөл селосының қазығы қағылып, құрылысы басталды, құрылысшылар жер кепелерде тұрды. 1975 жылдың күзінде 40 шақты отбасы қоныс тойын тойлап, орталық Қоскөл селосына орналасты. Алайда мектеп, аурухана құрылысы бітпегендіктен, Құлжанбайда қалдырылып, мектеп 9 жылдық болып өзгерді. Тек 1976 жылы жазда мектеп, аурухана Қоскөлге көшіріліп, мұғалімдер мен медицина қызметкерлері тұрғын үймен қамтылған болатын.
7-8-сыныптарды 1976 – 1978 жылдары, жаңадан құрылған Қ. И. Сәтбаев атындағы кеңшардың орталығы Қоскөл селосындағы № 11 Қоскөл орта мектебінде оқыдым. 1976 жылы 7-сыныпқа Құлжанбайдан және басқа мектептерден келген 29 оқушы бардық. Сынып жетекшіміз Бибісара Серікбайқызы болды. Марқұм тілге бай әрі өткір болатын. Қалдыбек Кәкімжанов, Ботабай Қожахметов, Мінтә Тілеубергенов, Бейбіт Әбішев, Бейбіт Шоланов, Үсейін Өмірханов, Сансызбай Ерсейтов, Жұмабек Қалыбаев, Ергелді Ізденбаев, Мұңайтпас Түркебаев, Жұман Сыздықов, Талғат Тынымбаев, Мұхтар Жакупов, Дүйсенбай Кенжетаев, Сайлау Ғабдуллаев, Гүлшат Маханбетова, Күлмия Тапаева, Шолпан Жетпісбаева, Әйкен Жетпісбаева, Биғайша Тоқтыбаева, Гүлжаһан Бекмағанбетова, Орынкүл Кетебаева, Гүлзағира Ерсейтова, Дүйсенкүл Құлманова, Қалдыкүл Орынбаева, Мейрамкүл Жанбосынова, Гүлзада Есімова, Күнтуған Әбжанов, Мұқаш Даныханов.
Бұл уақыт, Қарақұм өңіріне әлеуметтік, экономикалық, рухани салада, үлкен өзгеріс әкелген, ерекше тарихи кезең болатын. Тың далада жаңадан көтерілген кеңшарда, кеңшар директоры Ереже Шоланов, партком хатшысы (бас инженер) Есболған Құтымбетов, селолық кеңес атқару комитеті төрағасы Доскен Түсіпбеков, кәсіподақ ұйымы төрағасы Сұлтан Сейлов, мектеп директоры Ғалиолла Яров, интернат меңгерушісі Ескендір Боранов, аурухана бас дәрігері Сайлау Сабитов, бас зоотехник Жұмаділдә Қасымбеков (1983 – 1988 жж. совхоз директоры), бас мал дәрігері Қалмағанбет Ембергенов, бас бухгалтер Әбікен Есмағанбетов, аға прораб Сейтқазы Әлібеков, МТМ меңгерушісі Талдығали Сенбин, гараж меңгерушісі Әбдікәрім Тоқсанбаев, ферма меңгерушілері Социалистік Еңбек Ері Әбілқас Сыздықов, Сайын Нұрғамысов, Жандарбек Әбілов, Самат Бірәлин, т.б. өз ісінің кәсіби шеберлері басшылығымен жаңадан құру, құрылыс, ұйымдастыру жұмыстары қызу жүріп жатқан қауырт шақ болатын. Сол әкелеріміз бен ағаларымыздың атқарған жанкешті еңбегінің жемісін елі мен ұрпақтары әлі де көруде.
1988 жылы жоғары оқу орынын бітіріп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жолдамасымен, жас маман ретінде туған жеріме қайта оралып, әуелде автомеханик, кейін МТМ-гараж меңгерушілігін атқардым. Сол кездегі аудандық кеңес төрағасы Есболған Құтымбетов, ауыл шаруашылығы бақармасының бастығы Ереже Шоланов зор сенім артып, 2 жылдан кейін, 1990 жылы совхоздың бас инженері қызметіне тағайындалдым.
Ол кезде совхоз мал шаруашылығымен айналысатын, облыс орталығынан – 300, аудан орталығынан 230 шақырым қашықта жатты. Сондықтан малдан бастап, жүн, шөп, құрылыс материалдары, жанар-жағар май, көмір, халық тұтынатын барлық заттарды тасу, қыс айларында жолдарды тазалау, төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары совхоздың техникасымен атқарылатын. Соған сәйкес совхозда әр жылдары: 80-85 бірлік жүк автокөлігі, 8 бірлік жоғары класты «К-700А», «К-701» тракторлары, 60-65 бірлік шынжыр табанды және доңғалақты тракторлар, оның сыртында 100-120 бірлік ауыл шаруашылығы және арнаулы техникалар болды. Бұл техникалар машина-трактор паркінде (МТМ), автопаркте (гараж) және машина ауласында орналасты. Мал азығын дайындайтын әр фермада 4 трактор бригадасы, электрмен жабдықтау, гидротехникалық цехтар, жанар-жағар май базасы, орталық техникалық қойма болды. Осындай күрделі саланы басқару оңай болған жоқ. Алайда сол кезеңдерде өздерінің тәжірибелерімен алмасқан, ауыл шаруашылығында қызмет атқарудың қыры мен сырын бөліскен, ақылдарын берген Жезді ауданының бас инженері Серікбай Бимағанбетов, совхоз директоры Амангелді Ильясов, партком хатшысы Әріп Бикеев, кәсіподақ ұйымы төрағасы Елтай Арыстанбеков, бас бухгалтер Әділхан Кенжебаев, бас экономист Талдығали Сембин, бас зоотехник Сенбі Жиенбаев, аға прораб Мұқан Әлкенов ағаларымыздың жақсылықтарын айта кетуді жөн көрдім.
Қай кезде де істің тетігін кадрлар шешері анық ереже. Кезінде Жезді аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған М. Төрегелдиннің «Кадрлар алтын қорымыз» атты кітабы әрине, өмірлік тәжірибеден туған туынды. Совхоздың механизация саласын басқарған жылдары өз уақытында совхоз құрылғаннан, рульде отырып, техникамен атқарылатын жұмыстарда бел шешпей еңбек еткен, ардагер шоферлар мен механизаторлар және осы еңбеккерлердің ішінен өндіріс басшылығына жоғарылатылған азаматтардың еңбегі ерекше болатын. Атап айтсам Жұмаділдә Қожақбаев, Нұрлыбек Әлмағанбетов (бригадир, гараж, ферма басшысы), Сақташ Түсіпбеков (жоғары кернеулі тоқ станциясы басшысы), Сұлтан Сыздықов (бригадир) Аман Нағызханов (механик), Аманбай Жүнісов, Жақсылық Жәнібеков, Мұханбетрахым Мағзұмов, Сейілбек Аққошқаров, Серік Нұртазинов (кассир), Мұханбетжан Жаналин (киномеханик), Жарылқан Қамыспаев, Әбдіхамит Қызыров (бригадир), Нұрғазы Сейілов (гараж басшысы), Өмірзақ Кенжахметов (моторист), Тұрсын Забидин, Хамит Жәмеккев, Акмал Мақашов (гараж басшысы), Нұралы Тапаев (бригадир), Әмір Жүсіпов, Досқали Көжекбаев, Өмірбек Әбенов, Боранбай Тазабеков, Сәрсенбек Тиесов, Серік Райсов, Өмірзақ Түгелбаев, Төлеу Әуезханов, Жолдаш Байсалов, Тоймаш Кенжалин, Тоқан Есімов, Базылжан Байыршин, Перед Әпеков, Баймұрат Есенов (бригадир), Аманжол Қамысбаев, Нұрлыбек Маханбетов, Ғазиз Ишанғожин, Әлімғазы Жүгінісов, Жомарт Алмағанбетов (акумуляторшы), Дауылбай Дүйсенов (бригадир), Қанат Доспаев, Дүйсенбек Ахметов, Сәрсенбек Әбилдин. Механизаторлар: Әбунәзіл Досбаев (бригадир), Сапар Қайратов (бригадир, МТМ, ферма басшысы), Төкен Есімов, Кәрібай Нүркеев, Сайлаубек Құлманов (бригадир), Мейрам Үлкенбаев (дәнекерлеуші), Мұрат Борин (бригадир, механик), Бекет Жүсіпов (МТМ басшысы), Майлыбай Жанұзақов, Әпен Айбеков, Марат Әйтімбетов, Шәріп Нысапбергенов, Шалабай Ыбыраев, Жұман Серікбаев (машина ауласы басшысы), Виктор Крайни, Василий Калин, Қарақұмбай Қайратов (бригадир), Бақыт Әлібеков, Бейсенбай Өкімбаев, Жорғатай Түркебаев, Бейсенбай Құлмағанбетов, Жұмағали Тынымбаев, ағайынды Байсары, Болат Бориндар, Өмен Жарылғасов (механик, МТМ басшысы), Николай Балуев, Николай Сидоренко, Борис Марашов, Қабен Тапаев (бригадир), «Кировец» алып тракторларын тізгіндеген тракторшылар: Өміртай Сарин, Мұқаш Сарбасов, Едіге Маянов, Жамбыл Қамысбаев, Қожамұрат Баекеев, Өмірзақ Тоқетеров, Табынбай Мыржақыпов, Келсен Тілеубергенов (бригадир), Абдулла Жаналин (бригадир, МТМ басшысы), кейінгі толқын: Кішен Сарин, Тынатұрсын Есқалиев, Марат Бекмағанбетов (гараж басшысы), Қуанышбек Жұмағұлов, Ғабиден Қажыбаев, Қанағат Түсіпбеков, Жұматай Әбилдин, Жылкен Жәмекеев, Сағындық Әбдіқаев, Дайрабай Орманов, Хамит Әлмағанбетов, Талғат Қайратов. Жаз айларында мал азығын дайындау, тасу, ел көшіру, мал, көмір, жанар-жағар май тасу, қыста малшыларға жем, азық-түлік жеткізумен айналысып, жыл қорытындысымен, әр жылы қыс айларында аудан орталығы Жездіде өтіп тұратын механизаторлар слётіне осы аталған азаматтар, үлкен жетістіктерімен қатысып жүретін механизатор-шоферлар болатын.
Мал шаруашылығын дамытуда электрмен жабдықтау цехының көмегі ерекше болатын. Себебі совхоздағы 50 мыңдай қой, 500 бас түйе 2 мезгіл электр қуаты арқылы қырқылатын, орталық жылу қазандығы, МТМ, гараждағы барлық құрылғылыр, т.б. электр қуатының көмегімен жұмыс істейтін. Әр кезеңдегі цех басшылары: Иманбек Көбегенов, Дүйсен Есмағанбетов, Боранбай Дүйсенов, электриктер: Әліп Нысапбергенов, Мағауия Тапаев, Көшербай Шоңқабаев, Рахат Әбікенов өз істерінің кәсіби мамандары болатын. Су шаруашылығы цехы басшысы Төлеутай Хасенов жоғары білімді, өте сауатты кісі еді. Ол кезде мал отарларын жазда сумен қамтамасыз ететін су көздерінің 40 пайызы су көтергіш насостар арқылы су беретін мамандары Рахат Түсіпбеков, Алмат Есмағанбетов болатын. Жанар-жағармай қоймасының меңгерушілігін Оразкүл Қадырова, Тәуекел Тілеубергенов апа-ағаларымыз атқарды. Орталық техникалық қойма меңгерушілігін Кәкімжан Тәшенов әкемнен 1984 жылы қабылдап алып, көп жыл Төлеу Назарымбетов ақсақал атқарды. Кейін арнаулы білімді Күлпаш Мейірмановаға өткізді. Механизация саласының бухгалтериясында білікті, өте тәжірибелі бухгалтерлер Алиакбар Маханбетов, Карбоз Алыбаев, Хамит Аппазов ағаларымыз еңбек етті. Механизация саласында еңбек еткен білікті, жоғары білімді инженерлер Серікбай Бимағанбетов (бас инженер 1983 – 1990 жж.), Төремұрат Есенов (гараж меңгерушісі 1982 – 1983 жж.), Қатиякүл Сейілова (автомеханик, техника қауісіздігі инженері 1990 – 1994 жж.).
1988 – 1992 жылдары механизация саласына 20 мен 30 жас аралығындағы комсомол-жастар жаңа леппен келіп, өзіммен қоян-қолтық, уақытпен санаспай еңбек етіп, ерен еңбектің үлгісін көреткен еді. Шоферлар Нақан Мейрамов, Асқар Жамекеев, Батырбек Аубакиров, Досбол Серікбаев, Ұзақбай Омаров, Қабылан Сәрсеков, Үсен Өмірханов, Талғат Тынымбаев, Ергелді Ізденбаев, Серік Жақаев, Мұқаш Даныханов, Сансызбай Ерсейітов, Мұңайтпас Түркебаев, Әділ Ахметов, Болат Ізтілеуов, Байшуақ Назарымбетов, Жұман Алмағанбетов (дәнекерлеуші), Болат Қайратов, Махмут Сейілов, Сейтбек Өксікбаев, Мырзахмет Сейілов (дәнекерлеуші), Мантай Қызыров, Дүйсен Қыдырмолдаев, Өмен Досжанов, Байқоңыр Ерсейтов, Әбдіхалық Райсов, Жанболат Жиенқұлов, Дүйсен Ізденбаев, Нұрыш Қынабаев, Назымбек Абилов, Мұқатай Жетпісбаев, Ғабиден Тапаев, Болатхан Досжанов, Мұханбедия Қожахметов, Жаншуақ Назарымбетов, Қуаныш Тынымбаев, Қабден Тынымбаев, Ізбасар Қожахметов, Марат Бралин, Қанатбек Әлмағанбетов. Тракторшылар: Қыдырбек Әбенов, Қапыролла Сламғазин, Бейсенбай Байдилдин, Болат Әбилдин, Файзулла Шәкенов, Сыздықов Нұрлан, Құлжанбай Қожахметов (бригадир), Ғалым Абилов, Қуандық Тынымбаев, Есбол Серікбаев, Құлжанбай Салықов, Қаныш Нұрғамысов, Мәжит Бекмағанбетов, Шадат Қожахметов, Құрмет Айғожин, Қанат Қайратов, Марат Ташенов, Телбай Ізденбаев, Сәрсенбек Жүсіпов, Ғабиден Сайнов, Бақтыбай Мүгіров, Болат Қыдырмолдаев, Сәрсенбек Жүсіпов, Нысапбергенов Әмірхан, Әбдірашов Талғат (дәнекерлеуші), Борин Иманғали, Жомарт Сыздықов, Марат Орманов, Мәлік Есимов, Төлеухан Үнгітбаев (марқұм). Қамшы салдырмайтын, ұшқыр уақыт-ай, десеңізші, қазір осы азаматтардың алды 60-тың асуын артқа тастаса, арты ердің жасы 50-ді бағындырған. Әрине, 30-35 жыл бұрынғы өткенді еске түсіру оңай іс емес, сондықтан тізімге кірмей қалған кісілер болса кешірім өтінемін.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, 1992 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы совхоз ауыл шаруашылығын жекешелендіруге байланысты сол құрамда «Қарақұм ұжымдық бірлестігі» болып атауы өзгерді. Ал 1995 жылдың 10 қаңтарында ұжымдық бірлестік толықтай таратылып, өз жұмысын тоқтатып, орнына «Қарақұм шаруа қожалықтары қауымдастығы» құрылды. Шаруа қожалықтарының бірлескен жалпы жиналысында осы жолдардың авторы, көпшілік дауыспен қауымдастық төрағасы болып сайланды, алайда, араға 5 жыл салып ол да тарады. 2025 жылы құрылғанына 50 жыл толып отырған, Қ. И. Сәтбаев атындағы совхоздың өмір сүруін біржола тоқтатып, тарих қойнауынан мәңгілікке орын алғанына да 30 жылдан астам уақыт өтіпті.
Еңбек жолымның ақ бетіне көк сиямен айшықталған, жастық шағымның куәсі болған, ұжымдастарымды, сол бір кезеңді, әрі сағынышпен, әрі мақтанышпен еске алып жүремін.
Қалдыбек Кәкімжанұлы,
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері,
«Ауыл» ХДПП саяси кеңесі мүшесі, мемлекеттік қызметкер.

