Бейсенбі, 19 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Уақыт уыты

Қанқақсатқан «Казэнергоцентр»

05.04.2024
- Уақыт уыты
0
Қанқақсатқан  «Казэнергоцентр»
90
БӨЛІСТІ
250
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бұл – «ауадан ақша жасап» дәніккен делдалдың бірі. 2007 жылғы 15 қаңтардан бері электр энергиясымен жабдықтау нарығында. 7-8 жыл бұрын қанаттас қоныстанған қос қаланың тұтынушыларын «жаулап» алды. Бірнеше ай екі түбіртек келіп, шақшадай басы шарадай болғанын тұрғындар әлі ұмыта қоймаған шығар?! Ақыры 6,3 теңге төмен тариф ұсынып, 2011 жылдан келе жатқан «Жезказганэнергосбытты» ығыстырып тастады. Алайда, араны апандай екен, сол жылы тамызда тарифті көтеріп жіберді…

Содан бері тарифті тулақтай тартқылап, талай өзгерткен ол биыл 1 сәуірден бастап тағы көтеруге көңілі кетіпті. Тұрғындар келісімін алу үшін кеншілер қаласында қоғамдық тыңдау өткізді.

«Казэнергоцентр» электр энергиясын бұрын Екібастұздағы ГРЭС-1 және ГРЭС-2, Мойнақтағы ГЭС, Топардағы ГРЭС станцияларынан көтерме бағамен сатып алып, тұтынушыларға түрлі-түрлі тарифпен тарататын. 2023 жылғы 1 шілдеде бірегей сатып алушы «РФЦ» (есептік-қаржылық орталығы) сала нарығына енгізіліп, ол жабдықтаушыларға бастапқы бағаға әр кВт/сағат үшін 1,6 теңге үстемелеп сатты. Сөйтіп, онсыз да қалжыраған тұтынушының қалтасына тағы қосымша салмақ түсті.

Жабдықтаушы көтерме бағамен сатып алып, көңілі қалаған түрлі тарифпен таратқан электр энергиясын жұртшылық (52%), толып жатқан заңды тұлға (39%), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер (8%), әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндіретін ұйымдар (1%) тұтынады. Енді делдал орташа бағаны қосымша құн салығын қосқанда әр кВт/сағатына 20,70 теңгеден 24,11 теңгеге көтермекші (17%).

Сондай-ақ оқыңыз

Құмарлық қақпаны

Құмарлық қақпаны

06.12.2024
Мақсат –экология мүддесі

Мақсат –экология мүддесі

19.04.2024

Қарапайым халықтың «қамын ойлаған» дәніккен делдал тұрмыстық тұтынушылар үшін тарифті 13% көтермекші. Бұл да аз ақша емес. Бұрын әр кВт/сағатына қосымша құн салығын қосқанда 17,20 теңге төлеп келсек, енді 19,51 теңгеден төлейміз. Бюджеттік мекемелерге де бүйрегі бұрған сыңай танытыпты, өсім – 13%. Бірақ «бақсақ, бақа екен» дегендей, ол қосымша құн салығын қосқанда 38,96 теңгеден 44,00 теңгеге жетіп жығылады екен. Айналайын-ау, бюджет қазынасындағы қаражат та халыққа тиесілі емес пе?

«Казэнергоцентр» шығынының негізгі үлесі электр энергиясын сатып алуға (51%) және оны тұтынушыларға тасымалдауға (31%) кетеді. Есептік-қаржылық орталығына беретіні (7%) тағы бар. Қалғаны өндіріс үдерісін ұйымдастыру мен жалақының үлесіне тиеді. Кеншілер қаласында ғана 29 қызметкері бар. Есептегіш пен жабдықтың көрсеткішін тұтынушы автоматты түрде беретін, не апаттық қызметі, не баланысында желі мен жабдығы жоқ мекемеде осынша адам немен айналысады? Енді солардың жалақысын 500 000 теңгеге дейін көтермек ойы бар екен. Сірә, кеншімен шатастырып алған сияқты.

Қоғамдық тыңдауға қатысушылар делдал мекеменің өкілдерін бірден алқымнан алды. Олардың бас кеңсесі шығынының жартысын Жезқазғанның металлургтері мен Сәтбаевтың кеншілері неге көтеруі керек? Жалға алған автокөлікті күтіп ұстау мен жөндеуге неге қосымша ақы төленеді? Мүмкіндік бола тұра неге қызметі қымбат биллингтік компания таңдалады? Қоғамдық тыңдауда көпшіліктің: «Осындай дәніккен делдалдардан құтылатын күн бар ма?» деген күңіренген үнін естігендей болдым.

Қазір мұндай делдалдардың реттелетін және реттелмейтін екі түрі бар. Реттелетіні жалпы жұртшылыққа, заңды тұлға мен бюджеттік мекемеге қызмет көрсетеді. Мемлекет олардың операциялық шығынын ескеріп, жабдықтау тарифінің орташа бағасын әр кВт/сағатқа 1 теңге мөлшерінде бекіткен. Ал, реттелмейтіні тарифті өзі белгілейді, оларға «әй, дейтін ажа, қой, дейтін қожа жоқ»! Біздің мақаланың кейіпкері бірінші топқа жатады. Бірақ, қай-қайсысының да оңып тұрғаны шамалы.

«Ұзынқұлақтан» жеткен ақпаратқа қарасақ, олардың «шатыры» – шетелдік немесе шетелде тұратын қазақстандық бай-манап. Былтыр «Ratel.kz» ақпараттық порталы қазақстандық делдал компания көрші елдің энергетика саласына 2,3 миллиард доллар инвестиция салатыны туралы дерек таратты. Соған қарағанда қазақ «жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» деп тегін айтпаса керек.

Дегенмен, жоғары жақтан жеткен жағымды жаңалық та бар. ҚР Парламентінің Мәжілісі бай-манаптар мен билікте байланысы бар делдалдардың ашық қарсылығына қарамастан, оларды нарықтан аластатуға бағытталған Заң жобасын дайындап, қарауға енгізген көрінеді. Жағымды жаңалықтың жалғасы көп күттірмес деген үміттеміз.

Осы мақаланы жазу барысында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияны реттеу комитеті Ұлытау облыстық департаментінің басшысы Дәуір Жүнісбековпен хабарластым. «Казэнергоцентрдің» өтінімі қолдау таппапты. Бірақ, жасалған сын-ескертпені дұрыстаса, өтінімді қайта беру мүмкіндігі бар көрінеді.

Әлібек ӘБДІРАШ, қалалық кеңес мүшесі.

 

Бөлісу36Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

18.06.2025
Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

18.06.2025
Ұлытау облысының ветеринария саласында ауқымды жұмыстар жүруде

Ұлытау облысының ветеринария саласында ауқымды жұмыстар жүруде

18.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру