Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында «Мен – елімнің ертеңі» атты Жезқазған қаласы әкімінің кубогына арналған дебат турнирі өтті.
Шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсіп, дәйекті дәлелдер мен ұтымды уәждер ортаға салынатын пікірсайыс додасына қала мектептері бойынша үздік деп танылған 10 команда қатысты. Жезқазғандағы жылдың үздік дебат тобын анықтайтын турнир дәстүрге айналған. Алдымен іріктеу кезеңі өткізіліп, үздік шыққан төрт команда жүлделі орындарға таласты.
Сайыстың негізгі мақсаты: оқушылардың өз ойын еркін жеткізіп, шығармашылық әлеуетін арттыру болып табылады. Турнир қорытындысы бойынша 3-орынды № 8 мектеп-гимназиясының «ҚазГим қырандары» тобы, 2-орынды Кеңгір сеолосының № 2 мектебінің «Домино» командасы жеңіп алды. Әкім кубогы мен бірінші тұғырға №1 мектептің «Легион» командасы лайық деп танылды.
Әкім кубогіне ие болған команда алдағы жылы өткілізетін облыстық додаларда қаланың намысын қорғайтын болады. Айта кетейік, жарыс қортындысында «Үздік оратор», «Үздік спикер», «Үздік аналитик» аталымдары да өз иелерін тапты.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.