Сейсенбі, 15 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Озық университетте – қос мерейтой

15.11.2024
- Өндіріс және өмір
0
Озық университетте – қос мерейтой
73
БӨЛІСТІ
203
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Апта басында Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 90 жылдығы атап өтілді. Мерейтой аясында ғұлама ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған форум өтті.

Бұл форумға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев қатысты. Ол университетке академик Қ. И. Сәтбаев жұмыс істеген Ұлытау-Жезқазған өңірінен өндірілген минералдарды сыйға тартты.

Өзінің құттықтау сөзінде ол бұл университет Қазақстанның тау-кен металлургия кешені үшін мамандар даярлайтын жетекші орталық екенін атап өтті. Бір ғасырға жуық тарихында университет мыңдаған жоғары білікті инженерлерді, ғалымдар мен зерттеушілерді даярлап шығарып, ғылыми және технологиялық жетістіктердің символына айналды.

– «Қазақмыс» университетпен көпжылдық ынтымақтастығын мақтан тұтады. Біздің кәсіпорындарда Satbayev University ғалымдарының әзірлемелерін қолдану өндірістің тиімділігін арттыруға, экологиялық әсерді азайтуға және қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді, – деп атап өтіп, бұған бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобалар корпорацияның тұрақты дамуға қол жеткізуіне көмектесетінін де айтты.

Сондай-ақ оқыңыз

Арулар бақ сынады

Арулар бақ сынады

08.03.2025
Салауатты өмір салтына үндеді

Салауатты өмір салтына үндеді

08.03.2025

«Қазақмыс» пен Satbayev University ғылыми ынтымақтастығының жарқын мысалдарының бірі – будың сүзілу әдісін қолдана отырып, тазартылмаған селенді тазартудың вакуум-дистилляциялық технологиясы қолданылатын селенді тазарту және қожды қайта өңдеу цехын салу жөніндегі жоба. Жоба Балқаш қаласындағы өндірістік алаңда іске қосылды және қазіргі уақытта табысты жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ, шара аясында ұлттық геология мектебінің негізін қалаушы және Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Бұдан басқа, мерейтойлық жыл Satbayev University үшін тау-кен металлургия кешенінің жаңа инжинирингтік орталығының ашылуымен атап өтілді. Онда цифрлық модельдеу, геомеханика, экологиялық мониторинг және пайдалы қазбаларды байыту сияқты негізгі бағыттар бойынша заманауи зертханалар ашылды. Бұл зертханалар кен өндіру және қайта өңдеу процестерін жақсартатын, қоршаған ортаны қорғау үшін экологиялық мониторингті қамтамасыз ететін және өндірістің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін арттыратын жаңа технологияларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

«Қазақмыс» инжинирингтік орталық технологиялық дамудың флагманы және Қазақстан өнеркәсібінің ілгерілеуіне қозғаушы күші болатын жаңа жоғары білікті мамандарды даярлауға негіз болатынына сенімді.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
Құдайберген Арымбек, энергетика вице-министрі: «Тауарлық газ бағасы халыққа тиімді болуы керек»

Құдайберген Арымбек, энергетика вице-министрі: «Тауарлық газ бағасы халыққа тиімді болуы керек»

11.07.2025
Автопарк жаңарып жатыр

Автопарк жаңарып жатыр

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру