Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қоғам

Өткен жылғы қателіктер қайталанбауы тиіс

17.11.2023
- Қоғам
0
Өткен жылғы қателіктер қайталанбауы тиіс
93
БӨЛІСТІ
258
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Осыған орай облыста авариялық-құтқару және коммуналдық қамтамасыз ету қызметтері қыс мезгіліне дайындығын пысықтап жатыр. Осы аптада Ұлытау облыстық полиция департаменті жергілікті атқарушы билік өкілдерімен және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, жол және коммуналдық мекемелердің қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстауға дайындығын тексерді.

Республикалық және қалаішілік жолдар мен трассаларды күтіп ұстауға жауапты ұйымдардың өкілдері полиция мен төтенше жағдайлар басқармасына есеп берді. Айта кету керек, былтыр Жезқазғанда қар тазалығына қажетті техниканың аздығынан бірқатар қиындық туындаған болатын. Ал, биыл аталған кәсіпорын паркі су жаңа 15 арнайы көлікпен толықты. Республикалық маңызы бар жолдарға қызмет көрсететін «ҚазАвтожол» филиалы да «қыстан қысылмай шығамыз» деп уәде берді.

– Бүгінгі таңда бізде үш жол пайдалану басқармасы бар,  олар – Жаңаарқа, Ұлытау және Жезқазған қалаларында. Сонымен қатар, қолда бар 20 техникаға қосымша 5 жаңа техника сатып алдық. Келесі аптада жаңадан тағы 5 техника келеді, – деді «ҚазАвтожол» ҰҚ Ұлытау облысы бойынша филиалының директоры Сұңғат Рахымжанов.

Тексеру барысында қар тазалау техникасының болуы мен олардың жарамдылығына, жанар-жағармай және көктайғаққа қарсы материалдармен қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ, өндірістік жоспарлардың сақталуына ерекше назар аударылды.

Жалпы, анықталғандай, барлық техникалар қажетті құрал-жабдықтармен толығымен жабдықталған. Мұның барлығы қыста көліктердің қауіпсіз әрі кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін іске асырылуда.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу37Твитерге23

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • #ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ ОБЩЕСТВА

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА БОЛАШАҚ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Ұжымым – екінші отбасым»

    102 бөлісті
    Бөлісу 41 Твитерге 26
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру