Сейсенбі, 17 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Ғибрат

Оқушылармен ой бөлісті

10.02.2023
- Ғибрат
0
Оқушылармен ой бөлісті
84
БӨЛІСТІ
232
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Біз – ардагерлер үшін мектептерде болып оқушы жас жеткіншектермен кездесу, олармен сұхбаттасып, ой бөлісіп, әңгіме-дүкен құру, олардың көзінен өзіңе деген қызығушылықты көру бір ғанибет екен.

Сондай кезекті кездесудің бірі жақында Сәтбаев қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде өтті. «Өнегелі өмір» жобасы аясында бейнетінің зейнетін көріп отырған қос ардагер Қорабай Рамазанов пен Абай Бекішов осы кездесудің қонақтары болды. Кездесуді тарих пәнінің мұғалімі А. Ж.  Жекенова жүргізді.

«Қазақмыс» корпорациясының еңбек ардагерлері қос ақсақал әуелі өздерінің еңбек жолдары жайлы оқушылармен естелік бөлісті. Ардагерлер жастардың қоғамдағы орны туралы ортаға салиқалы ой салды. «Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Сендер еліміздің ірге тасын қалайтын болашағымызсыңдар. Бойларыңда жалын атқан серпіліс бар, асау аттай алға ұмтылып тұрсыңдар, осындай кездеріңде біз сияқты өмір көрген ағаларың сендерді дұрыс жолға жетелеп бағыт-бағдар беруіміз керек. Отан сүйгіш болып өсулерің керек, сапалы білім алып өңіріміздің өркендеуіне атсалысуларың қажет», – десті ардагерлер.

Президентіміз Қ. Тоқаев: «Егер әрқайсыңыз алдарыңа қойған мақсатқа қол жеткізіп, өз қабілеттеріңізді арттырсаңыздар, мемлекет те табысты болады. Ол үшін үнемі еңбектену керек, ең алдымен өз-өзіңді дамытуың қажет», – деген болатын. Сондықтан жастарымыз қазіргі өмір талабына сай рухани біліммен нәрленіп, ұлттық құндылықтармен тәрбиеленуі керек. Озық ғылыммен сусындаған еңсесі биік ұрпақ жетілдіру кезек күттірмейтін өмір талабы.

Сондай-ақ оқыңыз

Академиктің рухани әлемі

Академиктің рухани әлемі

14.03.2024
«Жазылмас жара. Ұмытылмас қасірет»

«Жазылмас жара. Ұмытылмас қасірет»

01.03.2024

Бұдан кейін ардагерлер биыл Сәтбаев қаласының 50 жылдығына орай қаламызда ашылатын мұражай туралы әңгімеледі. Озық тұлға болып қалыптасу үшін әр адам кітап оқу керек екендігін баяндай келіп ардагерлер мектептің «буккросинг» бұрышына М. Сейтқазиновтың «Дәридай-жүрек», Т. Бүкіровтың «Құрыш тұлға» атты кітаптарын сыйға тартты.

Кездесу соңында мектептің домбыра үйірмесі ардагерлер құрметіне Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындап берді.

Жәми Тұрсынбаев,
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы

Ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Бөлісу34Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

17.06.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды

17.06.2025
Си Цзиньпин қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Президентке ризашылығын білдірді

Си Цзиньпин қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Президентке ризашылығын білдірді

17.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру