Жұма, 13 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

Өңір өрісімен танысты

Ұлытау облысы: апта тынысы

10.01.2025
- Шарайна
0
Өңір өрісімен танысты
76
БӨЛІСТІ
211
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары басталды. Бүгін біздің аймаққа Мәжілістегі «Республика» партиясының өкілі, депутат Айтуар Қошмамбетов келіп, бірқатар нысандарды аралады.

Айтуар Қошмамбетов – Мәжілістегі «өңірлік даму және экономикалық реформа» комитетінің мүшесі. Жұмыс сапарын Ұлытау облысынан бастаған халық қалаулысы алдымен Жезқазған жылу-электр орталығына ат басын бұрды. Кәсіпорындағы «тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жаңғырту жұмыстарымен танысып, жылу беру маусымының өту барысы жөнінде білді.

– Жергілікті аймақтардың өзіне тән, шешілмей жүрген мәселелері бар. Атап айтсақ, кадр мәселесі. Жергілікті халықтың дені шахтада жұмыс істегісі келеді. Әрине онда айлық көп. Жас мамандар мұнда ұзаққа тұрақтамайды. Сондықтан осында халықаралық жоғары оқу орындарын ашу қажет. Сонда кадр мәселесі шешіледі деген ойдамыз, – деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айтуар Қошмамбетов.

Орайы келгенде айта кетейік, Жезқазған жылу-электр орталығында 8 қазандықтың бүгінгі таңда бесеуі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ал үшеуі – резервте.

Сондай-ақ оқыңыз

Облыстық дебат турнирі

Облыстық дебат турнирі

14.03.2025
Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

14.03.2025

Мәжіліс депутаты бұдан соң Сәтбаев қаласының аумағында салынып жатқан жел электр станциясына да арнайы барды. Аталған жобаның негізгі инвесторы – «Mezgilder Qushteri» ЖШС. Жобаның жалпы құны 24 млрд теңгені құрайды. Жел электр станциясы толықтай 2025 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі.

Құрылыс барысында 50 жұмыс орны ашылмақ, ал, құрылыс аяқталғаннан кейін жел электр станциясына қызмет көрсету үшін 11 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

– ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Республика» партиясының мүшесі Айтуар Қошмамбетовке жаңа жобаны таныстырдық. Жасыл энергетиканың қалай жүзеге асып жатқанын көрсеттік. Және де танысу барысында жобада қандай проблемалық сұрақтар бар екенін көріп, жазып алып кетті. Жақсы жаңалықтар күтеміз, – дейді Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Алмат Саухимов.

Мәжілісмен Айтуар Қошмамбетовтың жұмыс сапары әрі қарай Жезқазған мыс балқыту зауыты мен Медицина орталықтарында жалғасын тапты.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

 

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру