Сейсенбі, 24 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

Өндірісті басқарудың жаңа жүйесі

29.03.2024
- Бағдар
0
Өндірісті басқарудың жаңа жүйесі
108
БӨЛІСТІ
301
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

2022 жылдың қараша айында «Батыс» кенішінің №67 шахтасында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Сапаны дамыту департаментінің мамандары DMMS өндірісін басқарудың ақпараттық-талдамалық жүйесін енгізді.

DMMS жүйесін «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «№67 шахтада тау-кен өндірісін басқару жүйесін енгізу» жобалық тобы мен қазақстандық бағдарламалық қамтамасыз ету мамандары бірлесіп әзірледі. DMMS жүйесі – өндірісті жедел, қауіпсіз және тиімді басқаруға арналған құрал. Ақпараттық жүйенің тиімділігін «Қазақмыс Холдинг» ЖШС-нің бірінші менеджерлері, Ресейдің мыс компаниясы, Норильск никель және Орал тау-кен компаниясы өкілдерінен алынған кері байланыс растайды. Жүйе Канадада да оң пікірлерге ие болды және АҚШ-тағы көрмелерде демонстрация жасау жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда DMMS жүйесі жетілдіруді және функционалды түрде кеңейтуді жалғастыруда. Мәселен, 2024 жылдың ақпан айында DMMS жүйесіндегі жұмысшылардың мотивациясын арттыру үшін жаңа «ынталандыру» модулі әзірленіп, іске қосылды. Бұл ұпайлар мен рейтингтерге негізделген жұмысшыларды бағалаудың инновациялық жүйесін білдіреді. Қызметкерлер электронды тапсырманы уақтылы рәсімдеу және жабу, тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу және т.б. есебінен ұпай жинай алады. Жиналған ұпайлар мен рейтингтер DMMS жүйесінде көрсетіледі, бұл ұйым ішінде салауатты бәсекелестік үшін жағдай жасайды және қызметкерлерді өз жұмысын жақсартуға ынталандырады, өйткені жинақталған ұпайларды DMMS жүйесінің өзінде нақты жүлделерге айырбастауға болады.

1 ақпанда өндіру үңгілеу учаскесі және инженерлік-техникалық қызметкерлері арасында «DMMS Чемпионаты» басталды, игі шара 31 наурызға дейін жалғасады. Байқау қорытындысы бойынша алғашқы үш қатысушы «AGtech» ЖШС әзірлеуші компаниясының бағалы сыйлықтарына ие болады. Жеңімпаздарды DMMS жүйесі автоматты түрде анықтайды.

– Келешекте «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басшылығының қолдауымен DMMS жүйесінің «Ынталандыру» модулін DMMS жүйесін қажетті деректермен толықтыра отырып, персоналдың операциялық тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттыру үшін одан әрі дамытуға болады, – деді «№67 шахтадағы жоба жетекшісі Рүстем Қанафин.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.

 

 

Бөлісу43Твитерге27

Көп қаралған

  • Инклюзивті білім беру: жүйелі қадамдар мен болашақ бағыттар

    Инклюзивті білім беру: жүйелі қадамдар мен болашақ бағыттар

    114 бөлісті
    Бөлісу 46 Твитерге 29
  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1751 бөлісті
    Бөлісу 700 Твитерге 438
  • САЛЫҚ, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • Келешегі кемел кенішке түрен салуда

    116 бөлісті
    Бөлісу 46 Твитерге 29
  • «Неге солай» филімі

    127 бөлісті
    Бөлісу 51 Твитерге 32
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
imunify-bot-check