Жексенбі, 18 Қаңтар , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Өндіріске көрік берген сұлулар

11.03.2024
- Жаңалықтар
0
Өндіріске көрік берген сұлулар
85
БӨЛІСТІ
235
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» дейді халқымыз. Шын мәнінде солай! Ана құрмет атаулының бәріне лайықты. Өйткені ол отбасының ажары ғана емес, тұтас қоғам игілігіне үлес қосуда.

Мыс алыбы саналатын «Қазақмыс» корпорациясының түрлі құрылымдарында өндірістің қазанында қайнап жүрген мыңдаған аруларымыз, ардақты аналарымыз бар

Солардың бірі – корпорацияның Қарағанды өңіріндегі «Нұрқазған» кенішінде жүзінен үнемі жылылық лебі сезіліп тұратын Қарлығаш есімді өз ісінің білікті маманы еңбек етуде. Қарлығаш Сағындықова кеншілер қаласының тумасы. Өндірісті өлкеде білім алып, алғашқы еңбек жолын да осы жерден бастады. Сауда-саттық саласын, кейіннен аспаздықтың да мектебін меңгерді. 2007 жылдан бері «Қазақмыс» корпорациясының жүйесінде. Қазіргі күні Қарлығаш Сатыбалдықызы «Нұрқазған» кенішінің әкімшілік-тұрмыстық кешенінің тізгінін ұстап отыр. Ғимараттың мұнтаздай таза, еңбеккерлерге қолайлылығы жағын ұйымдастыруда Қарлығаш Сағындықованың іскерлігі көптің көңілінен шығуда. Әйел затына тән нәзіктік, биязы мінезі Қарлығаш Сатыбалдықызын өзгелерден үнемі даралап тұрады.

«Нұрқазған» кенішіне барған сапарларымызда кейіпкеріміздің қонақжайлығы мен келген кісілерді құрметпен шығарып салу әдебіне көзіміз талай жеткен. Анадан дарыған осы бір асыл қасиетті Қарлығаш Сатыбалдықызы әркез биік қояды.

 

Жезқазған өңірінде ірі байыту кешені саналатын Жезқазған кен байыту фабрикасының № 1 ұнтақтау корпусында Сәуле Жакуланова есімді қолынан өнер тамған жан бар.

«Қолынан өнер тамған» деп ерекшелеп айтып отырғанымыз, кейіпкеріміз өндірістен қолы қалт босаған сәтте қолөнермен шұғылданады. Гипстен түрлі-түсті балауыз шамдар жасап, оны безендірумен шұғылдануды әдетке айналдырған Сәуле Шәкірқызының қолынан шыққан дүниелері зауыттарыңыз өндіретін өнімнен бір мысқал да кем емес.

Шамдардан бөлек, қабырға сағаттарының, бөлмелерге әсемдік сыйлайтын гүлдердің сан алуан түрі Сәуленің шеберлігін аңғартады. Өндіріс озаты Сәуле Жакуланова аталмыш цехта конвейер машинисі болып еңбек етеді.

Ол өндіріске 1998 жылы бет бұрды. Міне, содан бері ол үздіктер сапынан көрініп келеді. Аға буынның тәлімінде шыңдалған Сәуле Шәкірқызы бүгінде жастардың тәлімгері атанды. Қазақ аруына тән сыпайылық, сабырлылық, өз ісіне деген ұқыптылық Сәуле Жакуланованы өндірісте алға жетелеп келеді.

 

«Жезқазғантүстімет» ӨБ-не қарасты мамандандырылған құрылыс-механикалық басқармасының арулары да өндірістің қай буынында болсын қалыс қалмайды.

Кәсіпорын нысандарына қажетті жабдықтарды дайындап беріп, жөндеу жұмыстарымен шұғылданатын басқармада түрлі саланың мамандары бар. Солардың бірі – Салтанат Аманжолова. Салтанат Кеңгірбайқызы Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің түлегі. 1995 – 2000 жылдар аралығында экономист мамандығы бойынша білім алған оның «Қазақмыс» корпорациясының құрамында еңбек еткеніне биыл – 24 жыл. Соның жиырма жылы осы басқармада өтуде.

Салтанат Кеңгірбайқызы – қазір басқармада еңбекті ұйымдастыру жөніндегі жетекші инженер. Еңбекқор, ізденімпаз маманға деген басшылықтың да көзқарасы оң. Салтанат Аманжолова ұжымында білікті маман болса, отбасында аяулы жар, асыл ана.

Бүгінде өндіріске көрік болып жүрген сұлуларымыздың тәжірибесі мен білімі өз салаларын өркендетуге үлес қосып отыр.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу34Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

19.04.2024
Табыс тасқындаған жыл

Табыс тасқындаған жыл

26.12.2025
Полицияның бір күні

Полицияның бір күні

16.01.2026
Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

16.01.2026
Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

16.01.2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру