Сейсенбі, 8 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Өлеңмен өрнектелген кеш

09.09.2024
- Руханият
0
Өлеңмен өрнектелген кеш
89
БӨЛІСТІ
247
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Өңірімізде облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ресурстық тілдерді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен Жезқазған қаласының 70 жылдығына орай «Ақындарым – ақиқаттың айнасы» облыстық ақындармен тағлымды кездесу кеші өткізілді. Кешке облыстың әр өңірінен қарымды қаламгерлер мен жас ақындар шақырылды.

Кештің басты мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттап, ана тіліміздің қоғамдағы белсенділігін арттыру, қолдану аясын кеңейту. Тарихқа көз жүгіртсек, осынау жырға арқау болған мысты қаламыздың іргетасы 1954 жылы Кеңгір өзені жағасындағы Кеңгір ауылының орнына қаланған еді. Үш мыңнан астам ғана халқы болған шағын елді мекен бүгінгі таңда тағлым мен тарихқа толы шаһарға айналып отыр. Осы орайда ақындар арнайы қаламыздың 70 жылдығына жыр-шумақтарын арнады.

– Облысымыздың қала, аудандарына хаттар жолданып, сол өңірлердегі мәдениет, тілдерді дамыту мекемелері екі ақыннан бізге ұсынды. Сол ақындармен бүгін жақсы, тәлімді кездесу кеші өтті. Жалпы, ақындар дегеніміз ақиқаттың айнасы, қоғамның эталоны деп бекер бағаланбайды. Міне, осыған бүгінгі кездесуде тағы да бір көз жеткізе түскендейміз, – деді облыстық «Ресурстық тілдерді дамыту орталығы» КММ басшысы  Ержан Көшербаев.

Кешке Жаңаарқа ауданынан Гүлнұр Стамбекова, Ұлытау ауданынан Құрмет Тілеулинов, Сәтбаев қаласынан Мұса Тілеуов және Гүлнар Өтемісқызы, сондай-ақ, Жезқазған қаласынан Мұқанбетқали Сейтқазинов, Абай Ораз және Жоламан Мағзұм қатысты. Тағлымды кештің сәнін домбырашылар әспеттей түсті. Сонымен қатар, кездесу кешіне арнайы келген ақындардың өмірбаянынан қысқаша бейнероликтер көрсетілді.

Осындай мазмұнды кештің өтуіне мұрындық болған Ресурстық тілдерді дамыту орталығының басшысы Ержан Көшербаев қорытынды сөз сөйлеп, қаламгерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, алдағы уақытта да мұндай жобалардың жалғасатынын жеткізді.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу36Твитерге22

Көп қаралған

  • Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Противодействие коррупции — общая задача

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Газетіме сәлем жолдаймын

    107 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру