Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Бедерлі бес жылды бағындырды

22.02.2024
- Бәрекелді!
0
Бедерлі бес жылды бағындырды
97
БӨЛІСТІ
270
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басшылығының қолдауымен құрылып, бүгінде қанатын кеңге жайған «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» Жастар одағының құрылғанына 5 жыл толды.

Луиза Мыңбаева басқаратын жастар ұйымының филиалдары бүгінде Жезқазған, Сәтбаев, Қарағанды, Балқаш, Семей өңірлерін қамтиды. Аталмыш одақтың бес жылдығына орай апта басында аймақта өндіріс жастарының слеті өтті. Еліміздің әр өңірінен келген жастарға әуелі «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ ғимаратында орын тепкен Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражайға экскурсия ұйымдастырылды. Одан кейін «Қазақмыс» корпорациясы басшылығы мен Қазақстанның Құрметті металлургі, Қарағанды облысы мен Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ардагерлер кеңесінің басқарма төрағасы Төлеген Бүкіров, Қазақстанның Еңбек Ері, даңқты кенші, бригадир Тұрсынбек Мақышев жастармен кездесіп, ашық диалог өрбітті. Өндірістегі өзекті тақырыптар қозғалды. Кездесудің басты кейіпкерлерінің өндіріске келу жолдарына қаныққан жастар бұл жиыннан да мол әсер алды.

Одан кейін жастарға арналған «Мобилография. Коперайтинг. SMM» заманауи ақпарат жүйелері бойынша курс ұйымдастырылды. Түс ауа «Өндірістегі жастардың көшбасшылық қабілетін дамыту» тақырыбында тренинг өтті. Онда «Еуразия-1» арнасының тележүргізушісі Асаубек Айымбетов дәріс оқыды.

Өндіріс жастарының слеті Жезқазған қаласындағы «Garden Hall» мейрамханасында қорытындыланып, үздіктер «Amanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау филиалының, «КәсіпҚорған» кәсіподағының марапаттарына, Қазақстанның Еңбек Ері Тұрсынбек Мақышев атындағы сыйақыға ие болды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу39Твитерге24

Көп қаралған

  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    198 бөлісті
    Бөлісу 79 Твитерге 50
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру