Сейсенбі, 15 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Облыс әкімі жаңаша тағайындалды

17.06.2022
- Жаңалықтар
0
Облыс әкімі жаңаша тағайындалды
73
БӨЛІСТІ
203
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ақпарат құралдарының барлығында жария болғандай, өткен аптада жаңадан шаңырақ көтерген Ұлытау облысының әкімі болып белгілі қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлы тағайындалды. Бүкілхалықтық референдумда Ата заңымызға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты қоғамды демократияландыру мен саяси жаңарудың жарқын үлгісі осы тағайындау барысында айқын көрінді. Облыс әкімі балама негізде Ұлытау өңірінің барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының таңдауымен сайланды.

Облыс басшысын сайлау жөніндегі жиынға облыс, қала, аудан депутаттарын қосқанда барлығы 64 халық қалаулысы қатысты. Осы шараға арнайы келген Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Мемлекет басшысының Ұлытау облысын құру туралы шешімі халқымыздың бірлігі мен тұтастығының символына айналған қасиетті аймақты жаңғыртуға жол ашатын тарихи оқиға екенін атап айтты. Сондай-ақ, ол Президенттің Ұлытау облысының әкімі лауазымына Берік Әбдіғалиұлы мен Серік Шайдаровтың кандидатураларын ұсынғанын жеткізіп, ұсыныс туралы хатын оқып берді. Үміткерлер өз бағдарламаларын ортаға салып, таныстырды. Депутаттар ашық дауыс беру жолын таңдады. Ашық дауыс беру нәтижесінде 51 депутат Берік Әбдіғалиұлын қолдаса, 13 депутат Серік Шайдаровқа дауыс берді.

Бұдан кейін жаңадан құрылған облыстың алғашқы актив жиналысы болды. Жиналыста Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу жаңа ғана өткен барлық деңгейдегі депутаттар жиынындағы таңдау нәтижесі бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлытау облысының әкімі лауазымына Берік Әбдіғалиұлын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойғанын жеткізді. Тағайындалған әкімнің осы өңірде туғанын, Ұлытау ауданы мен Жезқазған қаласының әкімі қызметтерін атқарып, кейінгі уақытта Парламент Мәжілісінің депутаты болғанын айта келіп, жаңа басшыға барлық мемлекеттік органдар мен мекемелердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттырып, өңірді дамыту міндеттері жүктеліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, жаңа облыстың құрылуы өңірдің қордаланған проблемаларын шешуге, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі ықпалын тигізетіндігіне тоқталды.

– Жаңа облыстың ірі өнеркәсіп аймағына айналу мүмкіндігі зор. Осы аумақтан өтетін күре жолдарға айрықша мән беріп, өңірді еліміздің оңтүстік, шығыс және солтүстік аймақтарымен байланыстыратын ірі көлік-логистикалық желісіне айналдыру қажет, -деп түйіндеді сөзін Президент Әкімшілігінің басшысы.

Жалпы облыс әкімін тағайындаудағы осындай саяси тәжірибе алғаш рет өткізілуімен бұқараның қызығушылығын туғызғанын атап өткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыз

Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
Құдайберген Арымбек, энергетика вице-министрі: «Тауарлық газ бағасы халыққа тиімді болуы керек»

Құдайберген Арымбек, энергетика вице-министрі: «Тауарлық газ бағасы халыққа тиімді болуы керек»

11.07.2025

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
Құдайберген Арымбек, энергетика вице-министрі: «Тауарлық газ бағасы халыққа тиімді болуы керек»

Құдайберген Арымбек, энергетика вице-министрі: «Тауарлық газ бағасы халыққа тиімді болуы керек»

11.07.2025
Автопарк жаңарып жатыр

Автопарк жаңарып жатыр

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру