Дүйсенбі, 8 Маусым , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Тәуелсіздік тартуы

«Нұрлы мекен» – құтты қоныс

16.12.2021
- Тәуелсіздік тартуы
0
«Нұрлы мекен» – құтты қоныс
111
БӨЛІСТІ
307
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Кеншілердің шап-шағын шырайлы шаһары кейінгі кезде керегесін кеңге жайып келеді. Әсіресе, соңғы бес-алты жылда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілді. Түрлі қаржыландыру көзінен көптеген келісті үй салынды. Қаланың оңтүстік-батыс қапталынан тұрмысқа қолайлы коттеждерден тұратын қалашық бой көтерді. Ал, «Нұрлы мекен» ықшам ауданы – қала тарихындағы айтулы жетістік десек, артық емес.

Кені алынған кеңістіктің үстіндегі қауiптi қоныстан тұрғындарды көшiру мәселесі кеңестік кезеңде-ақ көтерілген. Алайда, алаңдатарлық ахуал әртүрлі деңгейдегі мінберден айтылғанымен, іс ілгері жылжымай-ақ қойды. Ол кезде кез-келген мәселе Мәскеу мақұлдаса ғана шешілетін. Кейде әлеуметтiк қажеттiлiкке не қаржы, не материалдық ресурс «табылмай» қалатын. Сондай салқын көзқарастан он жылда екi елдi мекен: «Комсомол» мен «Төртiншi ауыл» әрең қалаға қарай қоныс аударды.

Жылда мем­лекеттiк деңгейде шешiм қабылданып, қаражат көлемi, мердігер мен нысанды iске қосу мерзiмi айқындалғанмен, көпшiлiгi қағаз жүзiнде қалды. 1982 жылы көктемде облыстық атқару комитетi кезектi кестесiн бекiткен бағдарламаның да бағы жанбады. 1988 жылы қазанда кендi аймаққа КСРО Министрлер Кеңесi төрағасының орынбасары ­Ю.Баталин бастаған комиссия кел­дi. Ол облыстық атқару комитетiнде тұрғын үй салуды жеделдетуді қаузады. Кеңестен кейiн бәрi бос сөз екені белгілі болды.

Ал, аймақ үшiн өткiр мәселенің маңызы одан әрі артты. Тұрғындарды көшiру тағы күн тәртiбiне шықты. Жезқазған-Ұлытау аймағын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020ж.ж. арналған кешенді жоспарына енгiзілдi. Жезқазған кентi мен оған iргелес 3-4 елдi-мекенді кезең-кезеңмен көшiруге бюджеттен 35 млрд. 397 млн. теңге қарастырылды. Оның 18 млрд. 580 млн. тең­гесiн үй салуға, 16 млрд. 817 млн. тең­гесiн инфрақұрылымға жұмсау көзделді.

Енді қала әкімдігінен алынған анықтамадан үзінді келтірейік: «2015-2016ж.ж. бес қабатты 15 тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2016 жылы бес қабатты 25 тұрғын үйдің құрылысы басталды. 2017 жылы бес қабатты 25 тұрғын үй іске қосылды». Әрине, мұндай ауқымды шаруаның шалғайына жармасып, кедергі келтіретін қиындық көп. Бұл жерде жергілікті билік қажырлы қимыл көрсетті.

Қаланың солтүстік-батысындағы бір кезде бос жатқан жер бүгінде «Нұрлы мекен» ықшам ауданына айналған. 2016-2020ж.ж. 45 көп қабатты тұрғын үй салынды. Бұл – 2 199 пәтер. 600 оқушыға арналған орта мектеп, сот, прокуратура және ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшесі орналасқан еңселі ғимарат, «Ұлы дала» шағын маркет желісінің 2 әлеуметтік павильоны, неке сарайы пайдалануға берілді.

Әлібек ӘБДІРАШ.
СӘТБАЕВ қаласы.

Таңбалар: «Нұрлы мекен» ықшам ауданытұрғын үй құрылысы
Бөлісу44Твитерге28

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1638 бөлісті
    Бөлісу 655 Твитерге 410
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1538 бөлісті
    Бөлісу 615 Твитерге 385
  • Бағаналының Сағындық батыры

    895 бөлісті
    Бөлісу 358 Твитерге 224
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    864 бөлісті
    Бөлісу 346 Твитерге 216
  • Кеңгірбай бидің батасы

    629 бөлісті
    Бөлісу 252 Твитерге 157
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру