Жексенбі, 18 Қазан , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Спортты серік еткен Жансая

24.10.2024
- Өндіріс және өмір
0
Спортты серік еткен Жансая
89
БӨЛІСТІ
247
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясының өндірісте еңбек ете жүріп өнер, спорт сынды салаларды қатар алып келе жатқан еңбеккерлері осы салаларда оң нәтижеге қол жеткізе алуда.

Қалам тербегелі отырған кейіпкерім Жансая Рахметуллаева «Қазақмыс Дистрибюшн» ЖШС жылу, энергетика кәсіпорны № 1 электр станциясының бақылауөлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарі болып еңбек етуде. Ол спорттың таяқ тарту түрінен түрлі дәрежедегі жарыстарда топ жарып жүр. Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Жансая спорттың аталған түрінен ойын көрсетті. Қазақстан чемпионы, еліміздің ұлттық құрамасының мүшесі. Жансая таяқ тарту спортына кездейсоқ келгенін айтады.

– Бұл спортқа қызығушылығым басым болған соң қадам жасап көрейін деген ниетпен келген болатынмын.  Алғашқы жаттықтырушым Қайрат Нұрымов мас-рестлингтің ережелерін түсіндіріп, үйрете бастады. Мен жарыс жолына биыл ақпан айында шықтым. Жезқазған қаласының ашық біріншілігінде әйелдер арасында 60 келі салмақта І орынды жеңіп алдым. Жаңаарқа ауданында өткен ашық турнирде де жеңімпаз атандым. Осылайша мен таяқ тартудан алғашқы жеңістеріме қол жеткізе бастадым.

Осы жылы өткен Қазақстан чемпионатында өзімнің бағымды сынадым. Еліміздің 8 өңірінен келген спортшылар күш сынасты. Мен Астана қаласынан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан келген спортшылармен кездесіп, Қазақстан чемпионы атандым. Қарақалпақстанның Нүкіс қаласында өткен Азия чемпионатында ойын көрсеттім. Бұл жолы жүлде бұйырмады. Спорттағы қадамым енді басталғандықтан Азия чемпионы атануға әрекеттеніп жатырмын, – деді спортшы ару.

Жансая Рахметуллаева V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында 65 келіде бақ сынады. Ұлытау облысының намысын қорғады. Жақында ол таяқ тартудан шәкірт тәрбиелеу құқығына ие болды. Арнайы сертификатқа қол жеткізді.

– Менің ендігі мақсатым – спортта үлкен жетістікке жетіп, әлем чемпионатында Қазақстанның атын таныту. Енді дамып келе жатқан таяқ тартудан мықты спортшыларды тәрбиелеу. Мен осы жолда аянбай еңбек етуге дайынмын, – деп кейіпкеріміз сөзін түйіндеді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу36Твитерге22

Көп қаралған

  • Энергетиктердің еңбегі еленді

    Энергетиктердің еңбегі еленді

    108 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • АҚШ елшісі мыс қорыту зауытымен танысты

    89 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 22
  • Инженерлік білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық кеңеюде

    74 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • Жезқазғандықтардың үні үкіметке жетті

    96 бөлісті
    Бөлісу 38 Твитерге 24
  • Ұйым жүлдесі «ЖезУ» командасына бұйырды

    110 бөлісті
    Бөлісу 44 Твитерге 28
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру