Қазақ қыздарының нәзік те биязы болмысы қайсарлықпен, өжеттілікпен астасқанда өмірде алдына қойған мақсатына жетуге ештеңе де кедергі бола алмайды. Мақалаға арқау болып отырған кейіпкеріміз әйел заты болса да өндірісте батылдығымен көзге түсіп келеді.
Сары мыстың Отаны деп бағаланатын Жезқазған қаласымен түйдей құрдас Жезқазған кен байыту фабрикасында Сәуле Қалмекеева есімді өндіріс озаты еңбек етеді. Осындағы № 2 бас корпустың реагент бөлімінде қоспаларды ерітуші Сәуле Темірғалиқызы еңбек жолында табысқа кенеліп жүр.
Суретте: Реагент бөлімінің бір топ еңбеккері Сәуле Қалмекеевамен бірге. Солдан оңға қарай: Қанат Байділдинов, Оразкүл Күнеділова, Сәуле Қалмекеева (ортада), Жанат Арыстанова, Бақыт Қорғанбекова және Мейірхан Муфилов.