Дүйсенбі, 8 Маусым , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Мерейлі мереке

14.03.2025
- Мерей
0
Мерейлі мереке
99
БӨЛІСТІ
274
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қыз-келіншектердің көгілдір көктемге көрік беріп, көл-көсір әдемі әсер ілестіре келген мерейлі мерекесі қарсаңында «Қазақмыс» корпорациясының басшылығы өндірісте өзіндік қолтаңбасы бар бір топ нәзік жанды Астанаға шақырып, сый-сияпат жасады.

Құрмет-қошаметке кенелгендер қатарында «Kazakmys Maintenance Services» компаниясының аға қоймашысы Мереке Әбжанова да болды.

Ол – талай тағылымды тарихтың таразысына айналған тарлан Торғайдың тумасы. Бақытты балалық шағы, бойжеткен базарлы белесі сонда өтті.

Мектеп қабырғасында жүргенде күнделікті оқулықтың сыртында әдеби кітап оқуға құмар еді. Әсіресе, классикалық туынды мен шытырман оқиғалы шығарманы ұнататын. Сабағына дайындалуды күндіз қалайда үлгеріп, түнемелікке сүйікті авторлары Марк Твен мен Агата Кристидің еңбегін жастана жатып, қызыға оқитын.

Бірақ, түбі журналист немесе әдебиет пәнінің мұғалімі болуға дайын қыз, мамандық таңдауға келгенде ұстаздарын таң қалдырып, таза басқа жолды таңдады. Қазіргі Астана, сол кездегі Целиноград қаласындағы ауыл шаруашылығы институтынан экономикалық білім алды.

Сөйтсе, есеп-қисапқа да кет әрі емес екен?! Ол қабілетін кеңшар кеңсесінде жеті жыл есепші болғанда қапысыз көрсетті. Тұрмыс құрып, бала сүйіп те үлгерді. Бүгінде байлығы мен базары – ел қатарлы елеулі қызметі бар екі ұлы мен қызы, солардан өрген сегіз немересі.

Өткен ғасырдың аяғында отбасы кеншілер қаласы Сәтбаевқа қоныс аударды. Бірнеше жыл бақылаушы, ауысым шебері болып істеді. Бұдан жиырма жылға жуық уақыт бұрын «Kazakmys Maintenance Services» компаниясының «Жезқазғансервис» кәсіпорнына жұмысқа тұрды. Содан бері Батыс кенішінің № 67 шахтасында табан аудармай еңбек етіп келеді.

Осы уақыт ішінде әріптестері мен басшылықтың құрмет-сеніміне ие болды. Үнемі жағымды пікір ұстанып, алға жылжуға ұмтылды. Жеткен жетістімен жігерленді. Қашанда қолдау көрсетіп отырған, ынталандырған әріптестері мен басшылыққа дән риза. Табысқа жетудің тетігі өзіңе деген селкеусіз сенім мен ортақ мақсатқа бағытталған шынайы ширақтық екенін түсінді. Ең бастысы – әріптестеріңнің еңбегін бағалау және қаталдық пен адамгершілікті тең ұстау екенін ұқты.

Қолы жұмыстан қалт еткенде ұнататын ісі – үйдің іргесіндегі бау-бақшамен айналысу. Бау-бақшаның шаруасы шаршатпайды, қайта жан тыныштығы мен рахат сезімін сыйлайды. Сондықтан, оған дайындықты көктем келмей жатып-ақ бастап жібереді…

– Астанада «Саад» қонақүйінде болдық. Сталиндік қуғын-сүргін кезінде Қазақстанға жер аударылып келген грузиннің немерелері ашқан екен. Байыпты бағдарламаға құрылған екі күнде алған әсер ұшан-теңіз. Балетке бардық, арнайы дайындалған концерт-шоу көрдік, марапаттау кешінде маған «Қазақмыс Холдинг» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың Құрмет грамотасы бұйырды.

Білікті мамандар ұйымдастырған шеберлік сағаты қыз-келіншектерге қатты ұнады. Опа-далап жағудың, сәнді шаш үлгісін жасаудың қыр-сырын көрсетті. Нағыз француз иіссуының шығу тарихын әңгімелеп, жасау әдісін көрсетуі тіпті керемет болды. Әркім өзі ұнатқан иісті таңдап, сондай әтірді өз қолымен дайындады, – дейді Мереке әлі алған әсерінен арыла алмай.

***

Оны металлургтер мекеніндегі теміржол вокзалында балалары мен немерелері қарсы алды. Мауқын басып, мерейі тасыған Мерекенің көтеріңкі көңіл-күйі одан әрі шалқып, шаттық пен бақытқа бөленді…

Әлібек ӘБДІРАШ.

 

Бөлісу40Твитерге25

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1638 бөлісті
    Бөлісу 655 Твитерге 410
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1538 бөлісті
    Бөлісу 615 Твитерге 385
  • Бағаналының Сағындық батыры

    895 бөлісті
    Бөлісу 358 Твитерге 224
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    864 бөлісті
    Бөлісу 346 Твитерге 216
  • Кеңгірбай бидің батасы

    629 бөлісті
    Бөлісу 252 Твитерге 157
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру