Жексенбі, 18 Қаңтар , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Мемлекеттік қызметші

АҚШ-қа оқуға барады

10.01.2025
- Бәрекелді!
0
Мемлекеттік қызметші
81
БӨЛІСТІ
225
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған қаласы әкімдігі аппаратының бас инспекторы Айдарбек Әлімжан шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия отырысының шешімі бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Ол енді қолға тиген жолдамасымен АҚШ-тың беделді оқу орындарының бірі – California-Davis университетінде Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша оқитын болады.

Айдарбек Әбішұлы 2016 жылы академик Е. А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бакалавр, құқықтану мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Жезқазған қаласы әкімдігінде тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор болып бастаған еді.

Содан бергі кезеңде қала әкімдігі аппаратындағы мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, антитеррористік комиссия жөніндегі бас инспектор, мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы тәрізді лауазымдық жолдардан өтті. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында оқып, магистратура, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының академиялық дәрежесін алды.

Айдарбектің «Болашақ» стипендиясы арқылы Калифорния университетіне жолдама алуы шетелдің үздік оқу орнында білімін одан әрі жетілдіріп, кәсіби және ғылыми әлеуетін арттыруға жол ашып отыр.

Қала әкімі Қайрат Шайжанов мемлекеттік қызметте еңбек етіп келе жатқан уақыт ішінде Айдарбек Әлімжанның өзін жауапкершілігі жоғары, кәсіби білікті маман ретінде танытқанын атап өтіп, оның «Болашақ» бағдарламасы аясында білімін жетілдіруі Қазақстанның мемлекеттік басқару саласындағы жаңа идеялар мен халықаралық тәжірибені енгізуге қосылатын лайықты үлес болатындығына сенім білдірді. Стипендия иесін құттықтап, сәттілік тіледі.

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

19.04.2024
Табыс тасқындаған жыл

Табыс тасқындаған жыл

26.12.2025
Полицияның бір күні

Полицияның бір күні

16.01.2026
Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

16.01.2026
Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

16.01.2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру