Жексенбі, 18 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Әлеумет

Мақсат – инвесторларды қорғау

26.01.2024
- Әлеумет
0
Мақсат – инвесторларды қорғау
95
БӨЛІСТІ
265
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жуырда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» атты жаңа жоба таныстырылды. Кеңес жұмысына облыс әкімі, Ұлытау облысының прокуроры, облыстық басқарма басшылары, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Жиында мәлім болғандай, ендігі жерде инвесторларға қатысты тыйым салу, шектеу сипатындағы: қызметті тоқтата тұру, рұқсаттан айыру, әкімшілік материалдарды толтыру секілді  шаралар прокуратура органдарымен келісілетін болады. Бұрын өңір бойынша инвестициялық жобалар пулында шамамен 700 млрд теңгеге 16 жоба болса, облыс прокуратурасы жүргізген түгендеуден кейін олардың саны 780 млрд теңгеге 22 жобаға дейін ұлғайған. Осы жұмыс шеңберінде 80 млрд теңгеден астам сомаға инвестициялық жобаларды іске асыратын 2 инвестордың құқықтары қорғалды.

– Атап айтқанда, 75 млрд теңгеге жел станциясының құрылысын жүзеге асыратын қытайлық инвестор мен бір жарым млрд теңгеге кірпіш зауытын салған қазақстандық инвестордың құқықтары қорғалды, – дейді Ұлытау облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Айдос Әбдібаев.

Қолайлы инвестициялық ахуалды құру және инвестиция тарту мүмкіндіктерін арттыру экономиканы дамытудың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Өткен жылдың соңында облыста негізгі капиталға екі жүз миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды.

Сондай-ақ оқыңыз

Бу-га  құрылғысы салынады

Бу-га құрылғысы салынады

14.03.2025
Ұлытау облысында – жаңа әкім

Ұлытау облысында – жаңа әкім

11.10.2024

– Нақты индекс көлемі 114 % құрады. Оның ішінде жеке инвестициялардың үлесі – 83 %. Сонымен қатар, облыс экономикасына инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Оның ішінде шетелдік инвесторлар да бар, – дейді Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Данияр Арынғазин.

Орайы келгенде айта кетейік, 2024 жылға жалпы сомасы 23 млрд. теңгеге 8 жоба іске қосылады. Яғни 700-ден астам жаңа жұмыс орны құрылмақ. Атап айтар болсақ, Жезқазған мыс қорыту зауытын газдандыру, «Ашықтас» кенішінде химия зауыты мен өңдеу кешені, екі қонақ үй кешенін салу, құс етін өндіру бойынша құс фабрикасын кеңейту және өңірдегі алғашқы геологиялық кластерді іске қосу жөніндегі жобалар басты назарда. Сондай-ақ, Ұлытау облысында инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру мен инвестициялар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес жұмыс істейді.

Кеңес барысында өңірлік кәсіпкерлер палатасының салалық даму жөніндегі басқарушы директоры «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы дайындаған инвестиция-
лық жобалардың интерактивті картасы туралы да айтылды. Бұл карта инвестициялық жобалардың мониторингін және оның жүргізілуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осылайша, барлық жерде басым бағыттағы жұмыстар жалғасуда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, оның ішінде инвесторларды қорғау бойынша прокурорлық сүзгіні енгізу Ұлытау облысы Прокуратурасының ерекше бақылауында.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру