Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік

Маңызды нысандардың құрылысын жүргізуде

25.11.2022
- «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
0
Маңызды нысандардың құрылысын жүргізуде
106
БӨЛІСТІ
294
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

 Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында «Қазақмыс» компаниясы облыста балабақша, спорт кешендері және театр сияқты маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуде.

Кешенді жоспар шеңберінде «Қазақмыс» инвестициясы есебінен Жезқазған, Сәтбаев қалаларында 320 орындық 2 балабақшаның құрылысы аяқталады, ал Жезқазғанда жаңа заманауи балабақша салынады. Жезқазған қаласында облыстық театр ғимаратының және 320 орындық көпфункционалды спорт кешенінің, «СК Namys» Спорт академиясының құрылысы да компания есебінен жүзеге асырылатын болады. Жезқазғандағы осы нысандардың кейбіріне күні кеше облыс әкімі Ұлытау Берік Әбдіғалиұлы және «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев іссапармен келді. Кешенді жоспар аясында салынуы тиіс нысандардың бірі – 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені. «Қазақмыс» аталған нысанды салуға 8 млрд теңге жұмсамақ. Құрылыс жұмыстары келесі жылдың көктемінде басталып, 2024 жылдың басында аяқталады. – Қазір «Қазақмыс» корпорациясына жер телімін беру жұмыстары жүргізілуде. Әрі қарай кешеннің жаңа эскиздік жобасы үшін қолданыстағы бетон конструкциялары бөлшектеледі. Сондай-ақ, спорт кешенінің жер учаскесін кеңейту мәселесін пысықтап жатырмыз, – деп атап өтті «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев.

Сондай-ақ, аралау барысында аяқталмаған 28 пәтерлік үй тексерілді. Облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы арасындағы меморандум аясында бұл ғимаратты Корпорация қаражаты есебінен салу жоспарланған болатын. Бірақ техникалық сараптама барысында қалпына келтіруге жатпайтыны анықталды. Ғимараттың жағдайы құлау алдында деп бағаланады және тозу көрсеткіші 80 пайыз болып отыр. Компания басшылығы аяқталмаған үйдің ғимаратын сүру туралы шешім қабылдады және оның орнына жаңа үй салады. Жезқазған қаласында 320 және 280 орындық аяқталмаған 2 балабақшаға барып қайтты. 320 орындық балабақша 2023 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі.

– Біз үшін бұл принципті міндет. Бүгінде балабақшаларға кезектің өте үлкен екенін білеміз. Бір жарым жыл ішінде біз Жезқазғанда 600 орындық екі балабақшаны пайдалануға беруді және кезекте тұрғандарды 45 пайызға қысқартуды жоспарлап отырмыз, – деді Нұрахмет Нұриев. Сондай-ақ, 2023 жылы корпорация есебінен Жезқазған қаласындағы көпсалалы аурухана ауданында ауыз судың көтергіш сорғы станциясына күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Бұл жобаға «Қазақмыс» 273 млн.теңге бөледі. Бұл қаланың бірнеше орамын сумен қамтамасыз етудегі үзілістерді жоюға мүмкіндік береді.

 

Компания Сәтбаев қаласында емхана ғимаратын, орталық ауруханаға арналған травматикалық пункт, жаңа білім беру және жұмыспен қамту орталығын салады. «Қазақмыс» Сәтбаев мектептерінің біріне STEM-зертхана, жедел жәрдем станциясына модульдік гараждар сыйға тартады. Құжатқа сәйкес, компания жаңа техникалық университеттің ашылуына және облыс орталығында перинаталдық орталықтың құрылысына қатысады. Жалпы, облысты дамыту жөніндегі кешенді жоспар 126 іс-шарадан тұрады. Оның ішінде 28 ірі жобаны «Қазақмыс» компаниясы жүзеге асыруда.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.

Бөлісу42Твитерге27

Көп қаралған

  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    197 бөлісті
    Бөлісу 79 Твитерге 49
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру