Сейсенбі, 11 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Көкейкесті

Күрделі жөндеу күтеді

29.12.2023
- Көкейкесті
0
Күрделі жөндеу күтеді
89
БӨЛІСТІ
248
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Біз ойдағы Байқоңырдағы мектепте оқыдық. «П» пішіндес еді. Бақытты балалық шақтың «патшалығына» ештеңе жетпейтін. Кеңшар кеңсесінің өзі көзге қораш көрінетін. 1975 жылы екі кластың 41 баласы талай түлектің тағдырына тұғыр болған сол алтын ұямен қимай қоштастық.

1983 жылы қырдағы Байқоңырда 300 оқушыға арналған мектеп пайдалануға берілді. Қуандық, көрдік, көңіл толды: жеке-жеке пән кабинеті, спорт залы, шеберхана, мәжіліс залы, кітапхана.

Қуаныш көпке созылмады. Тоқырау түбіне жетті. Жұмыссыздық жайлады, жұрт үдере көшті. Бала азайды. Мектепті ұстап тұру мүмкін болмады. Үшінші қабаттағы кабинеттерге пеш салып, шелектеп көмір жақты.

2002 жылы мектеп жанында жабық тұрған интернаттың бөлмелерін мұғалімдер бөліп алып, өз қаражатына жөндеуге кірісті. Бөлмесі тар, төбесі аласа, білім беру нысанына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талапқа сай келмесе де, жылы жерге қолы жеткеніне қуанды.

ХХІ ғасырда 20 жылдан астам уақыттан бері байқоңырлық балалар осында оқып жатыр. Айтпақшы, шеберхана жоқ. Ескі мектептегі спорт залын пайдаланады, онда жылу жетімсіз, көктем мен күзде, жауын-шашында төбесінен су сорғалайды.

«Жезқазған – Бейнеу» теміржолының іске қосылуы ауылға соны серпін әкелді. Көптеген жұмыс орны ашылды, жастар тұрақтады. Көшіп келіп жатқандар қаншама?! Соның нәтижесінде бала саны жылдан жылға артып келеді.

Былтыр 3 түлек мектеп бітірсе, биыл 1-класқа 9 оқушы келді. Көшіп келгендерден 5 оқушы қосылды. Облыс орталығындағы мектеп-итнернатта байқоңырлық 4 бала оқитын, биыл екеуі ауылға оралды, таяуда тағы біреуі қайтпақшы. Осы оқу жылын 5 бала бітіріп, 12 бала мектеп табалдырығын аттайды деген болжам бар. Елге ел қосылып жатса, тағы бала саны еселенеді.

Сөздің тоқетері, қаңырап тұрған мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуді жедел қолға алмаса, келешекте күрделі проблема килігіп, тығырыққа тірейтіні анық. Облыста осыны ойлап отырған тірі жан бар ма екен? Солар Байқоңырдың қайда екенін білмейтін де шығар?

Егер бұл мәселе оң шешімін тауып, босаған орынға балабақша барса, байқоңырлықтарға «бір оқпен екі қоян атып алудың» сәті туар еді. Қазір қуықтай жерде отырған оның да жыры жетерлік.

Ұлытау облысы мен ауданындағы білім басқармасы мен бөлімінің тізгінін ұстаған Сапура Төлекова мен Бағдат Әбдірайымов пәрменді қам-қарекет жасайды деп ойлаймыз. Жергілікті билік те қарап қалмас.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Бөлісу36Твитерге22

Көп қаралған

  • Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • День Абая

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🧹 ҚОҚЫС СІЗДІКІ БОЛМАСА ДА, ТАЗАЛЫҚ — СІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ!

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 МУСОР МОЖЕТ БЫТЬ НЕ ВАШИМ, НО ЧИСТОТА — ВАША ОТВЕТСТВЕННОСТЬ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру