Бейсенбі, 15 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Замандас келбеті

Көңіл шуағы

28 тамыз – Кенші мен байытушы күні

26.08.2022
- Замандас келбеті
0
Көңіл шуағы
85
БӨЛІСТІ
236
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

2019 жыл. Желтоқсан. Проходкашы Тұрсынбек Мақышев «Қазақстанның Еңбек Ері» атанып, Алтын Жұлдыз және «Отан» орденімен марапатталғаны жөнінде жағымды жаңалық желдей есіп жезді аймаққа жеткенде, жұртшылық: «Бәрекелді! Міне, азамат!» деп, бір желпініп қалды.

Бастапқыда көңілдегі қуаныш толқынын сабырмен басқан Тұрсынбекті терең ой тұңғиығы өзіне тарта берді. Алдымен, баласының шыққан биігін көріп, бақытты сәтті бастан кешу бұйырмаған әке-шешесі есіне түсті.

Жүрек тұсы шымыр ете қалды.

Ата-анасы есеп-қисаптың майталман маманы еді. Отанды фашизмнен қорғап, елге оралған майдангер Шамбұл Мақышев қалған ғұмырында ревизор-есепші болып еңбек етіп, өмірден озды. Жарықтық мәселе мамандықта емес, еліңе тигізген пайдаңда екенін айтудан жалықпайтын. Бәлкім, балаларының құлағына жастай құя бергенді жөн көрген шығар?! Есепші-экономист болған анасы Дәрібала Ысқақова «Төрт ұлым – төрт тұғырым!» деп, тебіреніп отыратын.

1979 жылы әкесі қызмет бабымен Жездіден кеншілер қаласына қоныс аударғанда Тұрсынбек тура он жаста болатын. Орыс мектебінде оқығанымен, отбасында таза қазақша сөйлеп, ұлттық салт-дәстүрді қастерлеп өсті. Әкесі балаларының бауырмал болғанын, қазақи қасиетті қапысыз сақтағанын қатты қадағалайтын. Үлкенге – құрмет, кішіге қамқорлық қандай болуы керектігін әкесінің туған-туыс, көрші-қолаңмен қарым-қатынасына қарап-ақ көңіліне тоқып өсті.

Бауырлар – Назымбек, Тұрсынбек, Қадырбек, Қайырбек.

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

Сегізінші сыныптан соң кәсіптік-техникалық училищеге түсіп, дәнекерлеуші мамандығын алды. Үлкен ағасы Қадырбек №65 шахтада – кені алынған кеңістікті толтыратын бетоншы, оған тетелес Назымбек №57 шахтада төбе бекітуші болып істейтін оның да көңілі кеніш жаққа ауа берді. Соның сәті Отан алдындағы борышын өтеп оралғаннан кейін түсті. Бас механик бөліміне жұмысқа қабылданып, №31 шахтада дәнекерлеуші болып еңбек жолын бастады. Қарашаңырақта отырған інісі Қайырбек – «Анненск» шахтасында монтажшы. Ағайынды төртеуі кәсібі мен нәсібін кеніштен тапты.

«Сабақты ине сәтімен» деген, үш жылдан кейін Тұрсынбек №57 шахтаның №5 кен өндіру учаскесіне шеф-слесарь болып ауысты. Алғашқы күні әлі есінде. Жер қойнауына ала жөнелген клет баяулап барып тоқтады. Маңдай шамын жаққан кеншілер забойға қарай жылжыды. Шыңыраудағы «шаһар» ондағы тірліктің табиғатынан бейхабар адамға алғашқыда үрейлі көрінеді. Табан астыңда сылдырлап аққан судың өзіне секеммен қарайсың. Анда-санда дөңкиген қойтас кездесіп қалады. Кен жынысы тиелген қуатты техника қасыңнан өткенде зор даусы штрек ішін кернеп кетеді…

Шеф-слесарьдың міндеті – шпур бұрғылау қондырғысына техникалық күтім жасап, ырғақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Барған бригадасы бірден бауырға тартты. Ұжым басшысы Владимир Ганзвенд қазақшасы анау-мынау қандасымызды сүріндіретін неміс екен, көңілі көлдей болып шықты. Бұрғышылар Константин Брюханчиков, Александр Дедовец, Андрей Шабалинмен тез тіл табысты. Әсіресе, бәрінен ересегі Қанат Кенжебековтен көрген қамқорлықты әлі ұмытпайды. Сегіз жылдан астам уақытта әріптестер арасындағы сенімге сызат түспеді.

2002 жылы кен қабатына соқпақ салатын проходкашылар қатарына қосылды. Бұрғылау қондырғысының тұтқасын сығымдай ұстап, болат тісті бұрғыны кен жынысына бойлата жіберетін күнге де қолы жетті. Бұрғының болат ұшы кен жынысының қатпарына қадалғанда панел іші дір-дір етеді. Дүбірлі дыбыстың дүмпуінен бейнебір жердің жүрегі соғып тұрғандай әсер алды. Енді бір сәтте бірегей мақсат жолында білек біріктіріп, жұмысқа жұмыла кіріскен жігіттердің жұптасқан жүрек дүрсілін естіп тұрғандай керемет күй кешті…

Бұлардың бригадасын білікті кенші Әлиасқар Айманов басқаратын. Сайдың тасындай іріктелген ұңғылаушылар қамшы салдырмай, өндірістік тапсырманы үнемі ойдағыдай орындайтын. 2005 жылы көктемде компания басшылығының ұйғарымымен бұл бригада «Батыстағы» №73 шахтаға ауысты. 2008 жылы Әлиасқар Айманов зейнеткерлікке шыққанда, орнына Тұрсынбек тағайындалды. Ол өзіне артылған жауапкершілік жүгін, сенім салмағын сезінді. Бұрын өндіріс озаты болса, енді ұйымдастыру қабілетін көрсететін кез келгенін ұқты.

Жігіттер жерге қаратқан емес. Бірін-бірі қабақ қағысынан түсінеді. Қуанышбек Ыбырақым, Айдын Сайдалин, Руслан Бегенов, Бауыржан Сембетов, Ерлан Қоянбаев және Думан Майқараев сияқты осы ұжымда он жылдан астам уақыттан бері толассыз тер төгіп келе жатқан жігерлі жігіттер білек біріктіргенде, тау қопарады. Басшылық алға қойған міндетті мінсіз орындап келеді. Жыл сайын кәсіби мерекені лайықты көрсеткішпен қарсы алу дағдыға айналған.

Бригада – біртұтас күрделі құрылым. Оның бір мүшесі осал болса, кемшілік қанша жасырғанмен көрініп қалады. Бригаданың бүгінгі шыққан биігіне қарағанда, мүшесінің арасында осалы жоқ. Тұрсынбектің түйгені – өзара селкеусіз сенімнен, құрметтен артық табысқа бастайтын даңғыл жоқ. Егер осы қос қасиет әріптесіңнің бойынан табылғанда ғана кәсіби шеберлік пен еңбекті ұтымды ұйымдастыру туралы шынайы әңгіме қозғауға болады. Бұл, түптеп келгенде, әркімнің жоғары адамгершілігі мен арына байланысты.

Зайыбы және немерелерімен.

…Тағдырдың тосын тартуына «Тәуба!» деген Тұрсынбек пен қалалық білім бөлімінің әдіскері, зайыбы Эльмира екеуі үш балаға өмір сыйлаған. Жаңа Жыл алдында Нұр-Сұлтандағы халыққа қызмет көрсету орталығында істейтін тұңғышы Айдос пен келіні Айдана келіп, шаңырақтың шаттығын еселей түсті. Қазақ гуманитарлық университетінде оқитын қызы Дамира да думандатып жетті. С.Сейфуллин атындағы гимназияда оқитын Әбілмансұр бауырларымен қауышып, қуанышқа кенелді. Немересі Ағзам мен Тұмардың тәтті қылығына тоймаған Тұрсынбек көңіл шуағына шомылды.

Әлібек ӘБДІРАШ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.

СӘТБАЕВ қаласы.

Бөлісу34Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру