Бейсенбі, 10 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

Кәсіпкер

Президент Жолдауы: жаңғыру бағытымен

18.10.2024
- Бағдар
0
Кәсіпкер
84
БӨЛІСТІ
232
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Мемлекетке алақан жаймай-ақ қолдағы барымен кәсібін бастап, тың идеяларын жүзеге асырып, теңгені тиыннан құрап шағын кәсіптің өзінен толайым табыстарға жетуге болатынын дәлелдеп жүрген жандар аз емес. Солардың бірі – Ұлытау ауданының тұрғыны Дидар Байгабулова.

Дидар Байгабулова – бала күтімімен отырған ана. Бірақ бала күтімімен үйдемін деп қарап отырған жоқ. Түрлі тәтті, торт пісірумен айналысады. Бұл кәсібін 2015 жылы, үшінші сәбиін дүниеге әкелген уақытта бастаған. Үйдің ұйытқысы болған  Дидар үшін ең бірінші орында отбасы тұрады. Сондықтан болар, отбасы қолдау білдіріп, «Дидош кейк» атауымен дәмхана және «Аруна» атауымен шағын маркет  ашқан. Алғашында кәсіпкер ана үйден тәттілер пісіріп, әлеуметтік желі арқылы тапсырыс қабылдаған. Кейін сұраныс артқан.

– Сұраныстың көптігіне байланысты бірден шешім қабылдадым. Тұтынушыларымның көбеюіне орай нақты бір шешімге келіп, шағын бизнесті жолдасымның қолдауы арқылы аштым. Мына нысанды сатып алып, кафетерий сосын шағын маркет аштым. Екі бизнесті қазір қатар алып жүрмін. Қасыма көмекші алдым, тағы 2 адам алу жоспарымда бар, – дейді кәсіпкер ана.

Тұтынушылардың бірі сол жерде отырып дәм ішсе, кейбірі өзімен алып кетіп жатыр. Кәсіпкер әрі 5 баланың анасы осы уақытқа дейін бизнесіне мемлекеттен қаржы алып көрмеген. Кәсібін кеңейтсем деп армандайды. Ал, бала тәрбиесі мен сүйікті ісін қатар алып жүруге отбасы көмек береді.

– Бала тәрбиесіне үйдегі анамыз көмек береді. Ұйқымыз аз енді, түнгі 1-ден кейін үйге барып демалып, таңғы 5-те келіп барлық тәттілерді пісіріп, витринамды толтырып қоюға тырысамын. Жақында 1 көмекші алдым дедім ғой, тәтті менің мойнымда болса, ол кісі ыстық тамақтар пісіреді, – деп өз «құпиясымен» бөлісті Дидар.

Иә, бүгінгі заманауи әйел бейнесі – іскер, кәсіпкер сынды қызметтермен толыққан. Олар бала тәрбиелеп қана қоймай, кәсіп ашып, оны дамытуға қабілетті. Оған бүгінгі кейіпкеріміз дәлел.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

 

 

Бөлісу34Твитерге21

Көп қаралған

  • Бәйеш батыр

    Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1549 бөлісті
    Бөлісу 620 Твитерге 387
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Мың жарым балаға жазғы лагерь қуаныш сыйлады

    87 бөлісті
    Бөлісу 35 Твитерге 22
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру