Сәрсенбі, 15 Шілде , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Журналистерге құрмет үш күнге ұласты

04.07.2025
- Жаңалықтар
0
Ұлытау облысында әкімінің БАҚ қызметкерлеріне арналған сыйлығы табысталды
80
БӨЛІСТІ
221
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысында биыл бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі үш күнге созылған мерекелік іс-шаралармен аталып өтті. Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында өткен салтанатты басқосуларда журналистерге орден-медалдар, Құрмет грамоталары, ақшалай сыйақылар мен арнайы сыйлықтар табысталып, қалам ұстаған қауымға зор құрмет көрсетілді.

Арнайы сыйлық және қомақты қаржы

Шараның алғашқы шымылдығы Жезқазған қаласында түрілді. Қала әкімдігі ұйымдастырған салтанатты кеш «Грант палас» мейрамханасында ұйымдастырылды.

Қала әкімінің орынбасары Берік Әбен жиналғандарды Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжановтың атынан құттықтап, қалам ұстаған қауымға жүрекжарды лебізін жеткізді. Журналистер қауымының ел мен билік арасындағы дәнекер ретіндегі маңызды рөлі атап өтіліп, бірнеше қаламгер Жезқазған қаласының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Солардың қатарында осы жолдардың авторы да бар.

Салтанатты жиын барысында өңірдегі БАҚ ұжымдарына 200 мың теңгелік арнайы қаржылай сертификаттар табысталды. Бұл – қалалық әкімдіктің журналистика саласына көрсеткен нақты қолдауының жарқын мысалы болды.

Сол күні «КәсіпҚорған» салалық кәсіподағының Жезқазған өңірлік филиалы да қалам ұстаған қауымға ерекше құрмет көрсетті. Кәсіподақ ұйымы өндірістегі еңбек адамдарын насихаттап, шахтерлер мен металлургтердің қажырлы еңбегін оқырманға шынайы жеткізіп жүрген журналистерге Алғыс хаттар табыс етті.

Атап айтқанда, Алғыс хатқа «Мысты өңір» газетінің қызметкері, ақпарат саласының ардагері Шахмұрат Ибадатов, Гүлім Қуанышбекова мен осы жолдардың авторы ие болды. Бұл – кәсіподақ тарапынан өндіріс тақырыбын тұрақты көтеріп жүрген қаламгерлерге деген шынайы ризашылықтың, әрі еңбек адамы мен журналист арасындағы рухани байланыстың көрінісі болды.

Жезқазған қаласында өткен бұл кеш аясында өңірдің көрнекті журналисі, ақын әрі сатирик Базарбай Әлеуханұлы атындағы арнайы сыйлық та табысталды. Бұл марапат — өмірін сөз өнеріне арнаған қаламгердің шығармашылық мұрасын ұлықтап, жас буынға үлгі етудің игі бастамасы болды. Аталмыш сыйлықтың бірі газетіміздің тілшісі, Қазақстанның Құрметті журналисі, «Құрмет» орденінің иегері Амандық Рахұлына бұйырды. Жүлде иегеріне арнайы естелік мүсінше мен 100 мың теңге ақшалай сыйақы тапсырылды.

 

«Ұлар» сыйлығы өз иелерін тапты

Мерекелік рухты жалғаған негізгі шаралар Ұлытау облысының орталығындағы «Гарден Хол» мейрамханасында өтті. Облыс әкімі Дастан Рыспеков БАҚ қызметкерлерімен жүздесіп, олардың ел ішіндегі шынайы үн мен маңызды ақпарды қоғамға жеткізудегі еңбегіне жоғары баға берді.

– Ақпарат ағыны жедел дамыған дәуірде журналистердің қоғам алдындағы жауапкершілігі артып келеді. Халықтың мұңын билікке, биліктің бастамасын бұқараға жеткізуде сіздердің атқарып отырған жұмыстарыңыз – өлшеусіз. Кәсібилік пен адал ұстаным – өңір дамуының кепілі. Барша БАҚ өкілдеріне шығармашылық табыс, мызғымас сенім және тың серпін тілеймін, – деді облыс басшысы өз құттықтауында.

Салтанатты жиын барысында журналистика саласының үздіктері лайықты марапаттарға ие болды. Бірқатар қызметкерге «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдары және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілері табыс етілді.

Сондай-ақ жыл сайын табысталатын облыс әкімінің «Ұлар» сыйлығы иегерлерін анықтап, үлкен қошеметке бөледі. Биыл бұл мәртебелі марапат пен 1 миллион теңгелік сыйақыны «Мысты өңір» газетінің журналисі Шахмұрат Ибадатов пен ардагер журналист, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның Құрметті журналисі Мағзұмбек Машайықұлы иеленді.

Мұнымен қоса, түрлі аталымдар бойынша үздік деп танылған қалам иелеріне облыс әкімінің атынан 500 мың теңгеден сыйақы табысталып, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен марапатталды. Солардың қатарында «Ұлар» сыйлығының «Экономика тақырыбын үздік жариялағаны үшін» аталымына әріптесіміз Әлібек Әбдірашев  лайық деп танылды.

Ұлытау өңірінде алғаш рет кәсіби деңгейде ұйымдастырылған БАҚ қызметкерлерін ұлықтау шарасы журналист мәртебесін көтеріп қана қоймай, шығармашылық ортаға тың серпін сыйлады.

Ашық аспан астындағы ерекше кеш

Әңгімеміздің басында айтып өткеніміздей, Ұлытау облысында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі биыл өзгеше форматта, кең көлемде және жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Қалам ұстаған қайраткер қауымды ұлықтауға арналған мерекелік іс-шаралар үш күнге жалғасып, әр қалада өз ерекшелігімен өтті. Осы үшкүндік мерекенің қорытындысы Сәтбаев қаласында «Юность» стадионында түйінделді. Ашық аспан астында өткен салтанатты жиында қала әкімі Мұрат Бөрібаев ақпарат саласы мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, журналистердің қоғамдағы маңызын атап өтті.

– Сіздердің жұмыстарыңыз – елдегі шынайы ахуалды бейнелейтін айна. Журналист – халық пен билік арасындағы сенім көпірі. Сіздерге шабыт пен сергек ой тілеймін, – деді қала басшысы.

Мұнда да белсенділік танытқан БАҚ қызметкерлері Алғыс хаттармен және арнайы номинациялар бойынша ақшалай сыйақылармен марапатталды. Өңірдің бірнеше журналстеріне қала әкімінің дәстүрлі «Күміс қалам» номинациясы табысталды. Бұл — елдің тыныс-тіршілігін шынайы жеткізіп, халықтың үнін билікке, биліктің ақпаратын елге жеткізуде аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандарына көрсетілген құрметтің белгісі. Осындай құрметке аймағымызға танымал журналист, «Мысты өңір» газетінің тілшісі, Қазақстанның құрметті журналисі Әлібек Әбдірашев пен осы жолдардың авторы да бөленді.

Кәсіби мереке аясында өткен бұл үш күндік шара – өңір журна-
листеріне көрсетілген зор сенім мен құрметтің дәлелі. Бұл басқосулар қаламын қару еткен ақпарат саласының қызметкерлерін шабыттандырып, өңір журналистикасына жаңа серпін бергені де анық.

Топтаманы дайындаған Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу32Твитерге20

Көп қаралған

  • Бозкілемдегі бәсеке: «Қазақмыс барысы» кім?

    Бозкілемдегі бәсеке: «Қазақмыс барысы» кім?

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • «Қазақмыс ұлттық ойындары – 2026»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Жала жабу дегеніміз не?

    157 бөлісті
    Бөлісу 63 Твитерге 39
  • Кеңгірбай бидің батасы

    647 бөлісті
    Бөлісу 259 Твитерге 162
  • Қазақмыс Ұлытау облысында геологиялық барлауды күшейтіп, бұрғылау көлемін екі есеге арттыруда

    71 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру