Бейсенбі, 12 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

Жұмысшы – сұранысы жоғары мамандық

Президент Жолдауы: жаңғыру бағытымен

18.10.2024
- Бағдар
0
Жұмысшы – сұранысы жоғары мамандық
94
БӨЛІСТІ
262
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жоғары оқу орындары ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері де білікті кадрлар даярлауы қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы 2 қыркүйекте халыққа жолдаған Жолдауында айтты. Сондай-ақ,  2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары» жылы деп жариялады.

Жезқазған технология және сервис колледжі 1955 жылы училище ретінде құрылған. Кейін кәсіптік лицей болды, содан кейін колледж атауы берілді. Оқу ордасы бүгінде автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету секілді 5 мамандық бойынша жұмысшы кадрларды даярлайды. Өндірістік оқытудың аға шебері – Сәбит Бердалин. Сол білім беру мекемесінде 30 жылға жуық еңбек етіп келеді.  Президент жолдауында айтылған техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет деген тұсы – маңызды дейді.

– Мемлекет басшысы жұмыс керлердің жетіспеуіне байланысты келесі жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялап отыр. Осы бағыт-бағдар колледжімізге әсері мол болады деп сенемін. Сол бағытта біз білікті жұмыскерлер даярлап, жақсы маман иесі болуына атсалысамыз, – дейді  Жезқазған технология және сервис колледжінің өндірістік оқытудың аға шебері Сәбит Бердалин.

Өндірістік оқытудың аға шебері  студенттерге практика жүзінде сабақ өтеді. Мәселен, темір тұлпардың моторында ақау болса, оны анықтап, жөндеуді үйретеді. Студенттер көлікті шашып, жинауды меңгереді.

Тәжірибелі маманның арқасында 2022 жылдан бастап шәкірттері «Ворлдскилс» байқауына қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр. Жұмысшы мамандығын меңгеріп, еңбек етіп жүргендері қаншама. Жұмысшы мамандарды даярлайтын маман Сәбит Бердалиннің өзі облыс, қала әкімінің Құрмет грамоталарын иеленген. «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Мемлекет басшысы «Біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді, – деді. Елімізде жұмысшы мамандықтарына деген сұраныстың жоғары екені белгілі. Демек, бұл мамандықтарды даярлайтын маманды да бағалауымыз қажет.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу38Твитерге24

Көп қаралған

  • Зауыттың әлеуеті арта түсуде

    Зауыттың әлеуеті арта түсуде

    85 бөлісті
    Бөлісу 34 Твитерге 21
  • Біліктілер біріккен бригада

    94 бөлісті
    Бөлісу 38 Твитерге 24
  • Айткүл Махметова, желтоқсан көтерілісіне қатысушы: «Көңілде мәңгі сыз қалды»

    117 бөлісті
    Бөлісу 47 Твитерге 29
  • Спортты серік еткен Жансая

    93 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • Бытовое насилие — проблема, которая требует общей ответственности

    76 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру